«Ұлы дала жорығы» марафон бәйгесінің үшінші маусымы басталды

Павлодарда «Ұлы дала жорығы» марафон бәйгесінің үшінші маусымы басталды. Биылғы жарыс қазақтан шыққан тұңғыш геолог, ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналды. Бәйгеге еліміздің әр өңірінен 19 команда қатысты. Олар 5 күн бойы 500 шақырым жолды атпен жүріп өтетін болады. Бағыт Павлодар-Астана. Күн сайын 100 шақырым жолды еңсеру жоспары қойылған. Әр 50 шақырым сайын тоқтап, тынығуға мүмкіндік бар. Ең қысқа уақытқа Астанаға бірінші болып жеткен команда жеңімпаз атанады. Дәурен ЕСМАҒАНБЕТОВ, ШАБАНДОЗ: 500 км Алла қаласа, Астанаға деп дайындалып келдік. Павлодар облысының намысын қорғаймыз деп Алланың қалауымен жетеміз деген ойдамыз. Аттарымыз дайындықта. Командамыз міне, толық. Аттарамыз қазақи жабы тұқымды жылқылар. Бәйге марафон «AMANAT» партиясы, Ұлттық спорт қауымдастығы және Павлодар облысы әкімдігінің қолдауымен өтіп отыр. Мақсат ұлттың рухын көтеру, ұлттық спортты дамыту. Оның ішінде этно туризмге ерекше мән берілген. Бұған дейінгі бәйгеде Жетісу, Маңғыстау облысының командалары жеңіске жеткен болатын. Биыл жеңімпаз атанған команда Дүниежүзілік көшпенділер ойынына жолдама алады. Бақытжан ТҰРЛЫБЕКОВ, «JORYQ» ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Биылғы жобаның ерекшелігі былтырғы мен алдыңғы жылғымен салыстырғанда, биыл 500 шақырым. 22 жылы 1200 болды, 23-те 1300 болды. Биыл 500. Неге 500? Себебі, біз күзде өтетін халықаралық «Ұлы дала жорығына» дайындалып жатырмыз. Осы жобадан өткен үш команда халықаралыққа жолдама алады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтаудағы ұшақ апаты: Тірі қалғандар болуы мүмкін
Балық және балық өнімдеріне қойылатын талаптар
Ақтау маңында құлаған ұшақта алты қазақстандық болған
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Талдықорғанда биыл тұрғын үй кезегі 8,3 пайызға қысқарды
Спорт министрлігінің шенеуніктері ₸584 млн жымқырған
«AMANAT» партиясы Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ұшақ апаты. Үкімет жанынан құрылған комиссия жұмысын бастады
Ақтаудағы апат: екі бала жарақат алды
«AMANAT»-та Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтылды
Нью-Йоркте Қазақстан шахматшыларының қатысуымен әлем чемпионаты өтеді
Қазақстанда жылдың үздік спортшысы анықталды