"Ұлы дала жорығы": Шабандоздар Астанадан Түркістанға қарай жолға шықты

"Ұлы дала жорығы" марафон-бәйгесі басталды. Шабандоздар бүгін Астанадан Түркістанға қарай жолға шықты. Биыл екінші рет ұйымдастырылып жатқан жарысқа 19 облыстан 100 жуық шабандоз қатысуда. Олар 1300 шақырымды басып өтіп, 19 қыркүйекте жарыс мәресіне жетеді. Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ: Біз Астана іргесіндегі Қаражар ауылының маңындамыз. Осы жерден бастау алатын салт Түркістанға дейін барады. Менің астымдағы атым дайын. Көріп тұрғандарыңыздай ауа райы құбылып, жаңбыр жауып тұр. Бірақ бұған қарамай ен даланы аттың тұяғымен дүбірілетіп, ұлан байтақ кең даланы жүріп өтеміз. Түбіміз түркі - түлігіміз жылқы. Халқымыз үшін тұлпардың орны ерекше. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған шабандоздар да, сәйгүліктер де сақадай сай. Шахризат Мақанов Жамбыл облысынан келген. Айтуынша, команда мықты. Шахризат МАҚАНОВ, ШАБАНДОЗ: Ат дайын, ат бабында. Өзінің хозяиннан барып көріп. Біз бір жарым аптадан аса дайындалдық. Бір жарым айдан аса іздедік. Жақсы мен мен деген аттарды Жамбыл облысынан. Осы жақсы аттардың бірі. Атты да танимыз ғой енді былай былай қараймыз. Жүрісіне бабысына бәйгенің аты бөлек. Малдағы ат ұзаққа шыдайды Жорық 14 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең - 50 шақырым. Одан кейін 12 кезеңде 100 шақырым. Соңғы 14-кезеңде - меже 50 шақырым. Жорық барысын 2 халықаралық және 2 қазақстандық судья бағалайды. Әр командада 5 адам. Мәреге жоқ дегенде үшеуі жетуі керек. Шабандоздар 650 шақырымнан кейін ат ауыстырады. Олар үшін барлық жағдай қарастырылған. Бақытжан ТҰРЛЫБЕК, «JORYQ» АТ СПОРТЫ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ, ЖОБА АВТОРЫ: Аттардың жем-суын біз қамтамасыз етеміз. Әр 20 км, 15 км сайын мәселен таңертең 7 де старт алса 20 шақырымнан кейін су береміз аттарға. Бізде су таситын көліктерімізді дайындап қойдық. Жем шөп бәріне халықаралаық стандарт бойынша нормаларының бәрін белгілеп қойдық.  «Ұлы дала жорығы» марафоны республикалық «JORYQ» ат спорты федерациясының, Мәдениет және спорт министрлігінің «Аманат» партиясының және Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қолдауымен өтіп жатыр. Бәйгенің жалпы жүлде қоры - 65 млн теңге. Жеңімпаз командаға -30 млн, 2-орынға 20 млн, ал 3-орынға 15 млн теңге табысталады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Мені алаңға алып шыққан аталарымның рухы - желтоқсаншы
Қостанай облысында Тәуелсіздік күніне орай 15 жаңа медициналық нысан ашылды
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндет
Еліміздің 19 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Тәуелсіздік – ең асыл мұратымыз
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Тәуелсіздік – баға жетпес байлық
Қазақстан Тәуелсіздік жылдары қандай жетістіктерге жетті?
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
Алматы тұрғындары мен жүргізушілерге үндеу жасалды: 16 желтоқсан 2024, 09:53 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Президент қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Доллардың бүгінгі бағамы қандай?
Алматыны қар басты: тұрғындар мен жүргізушілерге үндеу жасалды
Мені алаңға алып шыққан аталарымның рухы - желтоқсаншы
Мемлекет басшысы ел халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Ауыр атлетикадан ӘЧ аяқталды. Қазақстанның орны қандай?
Бұл мерекенің маңызы зор, мәні ерекше – Ерлан Қошанов
“Ләззат Асановаға арналған“. Танымал “Қазақ қызы“ әнінің жиырма жылдан кейінгі жұмбағы туралы
Ерлан Қошанов: Тәуелсіздік елдік рухымызды асқақтатты
Астанада 12 000 көрермен ел Әнұранын орындады
Абай облысында демалыс аймағы өртенді
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Бүгін – Тәуелсіздік күні