Англияның Дорсет графтығында Юра жағалауы деп аталатын жартастардан теңіз құбыжығының алып бассүйегі алынды. Kazinform бұл жайында ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды. Өлшемі өте үлкен және қорқынышты болғанына қарамастан, бұл құбыжық — миф кейіпкері емес.Табылған бассүйек 150 млн жыл бұрын тіршілік еткен ең ірі теңіз жыртқышы плиозаврға тиесілі.Бассүйектің ұзындығы — екі метр, жойылып кеткен бауырымен жорғалаушылардың ең жақсы сақталған үлгілерінің бірі.Нәтижесінде ғалымдар осы ежелгі жыртқыш туралы жаңа деректерге қол жеткізді.Дорсет палеонтологы Стив Этчес бұны әлемнің ешбір жерінде кездеспейтін бірегей үлгі санайды.«Бұл — мен жұмыс істеген ең жақсы қазбалардың бірі. Оның бірегейлігі — толығымен сақталып қалған үлгі екендігінде», — деді ол ВВС-ге.Жағының төменгі бөлігі рептилия тіршілік еткен кездегідей бассүйектің қалған бөлігімен байланысып тұр. «Әлем бойынша бөлшектері өте жақсы сақталған мұндай үлгілерді ешкім тапқан жоқ. Табылса да, қандай да бір бөлігі жоқ болып шығатын. Ал мұнда бассүйектің пішіні біршама бұзылғанымен, бүкіл жеке сүйектері бар», — деді ғалым.Бассүйектің ұзындығы көп адамдардың бойынан асып түседі, бұл — бауырымен жорғалаушының тірі кезінде қаншалықты алып болғанын танытып тұр.