Ұлыбританияда миллиондаған науқасқа операция жасалмай жатыр. Өйткені денсаулық сақтау саласы бұрын соңды болмаған дағдарысты бастан кешуде. Билік пен медицина қызметкерлері ымыраға келе алмай отыр. Бұл - 75 жылдық тарихы бар Ұлттық денсаулық сақтау қызметіндегі ең ірі ереуіл. Қымбатшылықтан қажыған мыңдаған адам жалақыны көтеруді талап етуде. Ал билік өкілдері жалақы өссе, сәйкесінше баға көтерілетінін айтады. Денсаулық сақтау министрі 1 мың фунт, яғни 580 мың теңге көлеміндегі бір реттік төлеммен көмектескісі келген. Алайда, қазынашылық бұл бастаманы керісінше бұғаттап тастаған. Бұған дейін еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін тегін медициналық көмек көрсетіп келген. Қазір қауқарсыз. Екі жақтың дауынан қарапайым халық зардап шегуде. Кезегін күткен кей науқастарға ота уақытылы жасалмай, өмірден өтіп жатыр.