Ұлыбританияда вирустың жаңа түрі тарап жатыр

Ұлыбританияда ковидтің жаңа түрі тарап, дәрігерлердің алаңдаушылығын туғызды. Ресми мәліметтерге сәйкес Англия мен Шотландияда әрбір 24-ші адам вирусты жұқтырған.  Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды. Шамамен 150 мың адам үйден тест сынамаларын жасап, осындай нәтиже көрсетіп отыр. Вирустың жас талғамайтыны анықталған. Бірақ ол 65 жастан асқан адамдардан гөрі 18 бен 44 жас аралығындағы тұрғындардан көбірек табылған. Науқастар әсіресе Лондонда көп. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл вирусты зерттеуді қажет ететін Омикронның жаңа түрі деп, оған JN.1 деген атау берді. Оның Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Тынық мұхитының батыс бөлігінде және Еуропа елдерінде кеңінен тарағаны белгілі болып отыр. "Ковид, әдеттегінше, бізді таң қалдырып жатыр. Алдын ала болжау қиын ауру болғандықтан сақтық шараларын жасаған жөн",-дейді вирусолог Лоуренс Янг. Қазіргі таңда JN.1 аса қауіпті екендігін дәлелдейтін әзірге зерттеу нәтижелері жоқ. Ковидке қарсы вакциналардың жаңартылған түрлері адам ағзасының иммунитетін күшейтеді дейді мамандар. Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымындағылар науқастар санының артуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Өйткені қыс мезгілінде өршитін басқа вирустық және бактериалды инфекциялар жығылғанға жұдырық болып тұр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты
Ауыр атлетика: Артем Антропов – әлем чемпионы
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Ойланып алған несие орға жықпас
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Орталық төңірегіндегі тартыс
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
«Тамаша» туралы тамаша тарту
«Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
Орталық Азия елдерінің ортақ диалогы
Астанада желілік мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты