Танымал әнші Дос өзінің кіші ұлы мен немересі бірге өсіп келе жатқанын жеткізді. Бұл туралы ол Ұлттық арнадағы "Таңшолпан" бағдарламасында айтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ."Немеренің орны бөлек қой. Қазір ата болдым. Өзімді ата деуге қимаймын (күлді). Бірақ замандастарыма ата болу бақытын сезінуді тілеймін. Қазір кіші ұлым мен қызымнан туған жиен немеремнің арасы бір жас. Екеуіне қараймын. Немерем "ата" дегенде жақсы болып қаламын. Қызым мен ұлымның арасы 21 жыл болғандықтан, немерем мен ұлым қатар өсіп келе жатыр. Немерем ширақтау. Сағындырып келгеннен кейін болар, ұлыма қарай бүйрегім бұрып тұрады. Бірақ немеренің орны бөлек, расымен де... Үйге келгенде менің қасыма ұйықтайды. Менімен бірге жүреді. Менімен ойнайды. Ал ұл енді бәрбір де шешесінің баласы ғой. Қанша айтсаң да рас, мойындау керек", - деді әнші.