Алматыда хостелдегі өртте қаза тапқан ақтаулық Никита Королевтың анасы өзінің Instagram парақшасында 2 желтоқсанда ұлын жерлеу рәсімі өткенін жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.Анасының айтуынша, ұлы Ақтауға үйіне ұшуға бір күн қалғанда қайғылы оқиғаға тап болған. “Ол менің жалғыз ұлым. 24 желтоқсанда 20 жасқа толар еді. Мен оны көрмегеніме 1,5 жыл болып еді. Ал бүгін оны соңғы рет құшақтадым. Бұл өмірде немере-шөберелі болатыныма сенімді едім. Балаларыңыздың өмірге құрған жоспарлары ата-анасына өмір сүруге басты себеп. Менің қазір ондай жоспарым жоқ. Бұл қайғыдан қалай шығуға болатынын білсеңіздер айтыңыздар. Менде үміт етер ештеңе қалған жоқ", - деп жазды Евгения Вегер. Еске салсақ, Алматыда хостелдегі өрттің салдарынан 13 адам мерт болған еді. Олардың ішінде қаза тапты деп саналған Түркістан облысының тумасы тірі болып шықты.