Шымкентте алименттен жалтарған әкеге қатысты тергеу жүргізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.Жергілікті тұрғын өзінің кәмелет жасқа толмаған баласын асырап бағу үшін ай сайынғы табысының немесе өзге кірісінің бөлігін төлеуге тиісті бола тұра, 2 жылға жуық жалтарып жүрген. Борышкердің берешегі 1,5 млн теңгеден асып кеткен. Тұран АПБ-ның анықтаушылары оның бұрыңғы әйелінің арызы бойынша іс тіркеп, азаматты құжаттармен таныстырып, аталған құқық бұзушылық үшін қарастырылған жауапкершілік туралы түсіндірді. Міндетін орындамаған ер адамға қатысты тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, жинақталған материалдар сотқа жолданды. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мемлекеттік орган қызметінің басым бағыттарының бірі, ал балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың міндеті. Осы ретте, полицейлер азаматтарға өз балаларыңыздың болашағы үшін алимент төлеуден жалтармай, заң аясында белгіленген қаражатты төлеп отыруға кеңес береді.