Астанада наурыз мерекесі қарсаңында түрлі шара ұйымдастырылып жатыр. Соның бірі бүгін Нұрлы жол вокзалында өтуде. Ұлыс күніне орай безендірілген пойыз жолға шыққалы тұр. Жолаушылар ән айтып, көтеріңкі көңіл күймен жүр. Мерекенің бел ортасынан әріптесім Аружан Задабек тікелей байланысқа шықпақ. Аружан, сенің де әу дейтінің бар еді, өнерпаздармен бірге өнер көрсеткен боларсың?Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Әрине, Дастан! Мынадай мерекелік атмосферада ән айтпау мүмкін емес. Халықтың көңіл-күйін өздеріңіз-ақ байқап тұрған боларсыздар. Міне, әдемі безендірілген пойыз да жолға шығуға дайын тұр. Мына транспортқа мінген жолаушылардың жолы болған екен. Менің де дәл қазір осыған мініп ауылға кеткім-ақ келіп тұр. Ерекше шара Ұлттық киім күнімен тұспа-тұс келген екен. Бұрымды қыздар мен бөрікті жігіттер қазақы нақыштағы шапандарын үйлестіріп киген. Соның бірі - ..... Пәленше Пәленшеқызы, өте әдемі болып тұрсыз. Үстіңізге киген шапанды қайдан алдыңыз, қандай ою бейнеленген? Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Ұлттық киімді тек мерекеде ұлықтамай күнделікті киіп жүрсек, тіпті тамаша болар еді. Биыл ерекшелік көп. 14-нен бері мейрам ерекше сезіліп жатыр. Ұлыс күніне орай елордада 200-ге жуық іс-шара өтпек. Концерт, мерекелік бағдарлама, көрме, қойылым, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыс бәрі болады. Айта кетейік, мейрамға орай қосымша пойыздар жолға шығады. Сұраныстың артуына байланысты 3 бағытта транспорт жүреді. 237 қосымша вагон да қарастырылған. Дастан, мен мына көңіл-күймен әзірге жұмысқа қайтпайтын секілдімін. Эмоцияға беріліп пойызға мініп ауылға кетіп қалсам, жоқтығымды білдірмеңіз.