Ұлыстың ұлы күніне арналған шаралар Астананың әр көшесінде, әр ауласында өтіп жатыр. Көпқабатты үйлердің тұрғындары ұйымшылдық танытып, мерекені жоғары деңгейде ұйымдастырған. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін осында жүр. Барлығы бір-біріне құшақ жайып, жылы лебіздерін білдіруде. Айшолпан СЕРІКҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Наурыз құтты болсын, ақ мол болсын. Біздің ауданда бірінші рет болып жатыр. Жақсы өтіп жатыр. Көже іштік, дәмді. Бала-шағаларымызбен жүрміз. Мінекей, ән-өлең тыңдап жатырмыз. Қазақстанымыз осылай өркейе берсін. Халыққа наурыз көже мен палау, ыстық шәй мен бауырсақ ұсынылып жатыр. Арнайы концерттік бағдарлама көрсетіліп, ұлттық ойындардан жарыстар өтуде. Малика АРМАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Халыққа наурыз көже таратылып, бауырсақ беріліп, қазанда ыстық тамақ әзірлеп, барлығы наурызды құшақ жая қарсы алып жатыр. Халықтың көңіл күйі тамаша, мәз-мейрам .