Астанада "EXPO" халықаралық көрме орталығында Этноауыл бой көтеріп, оның аумағында жақын және алыс шет елдердің үздік шеберлерінің қатысуымен дәл қазір қолөнершілер жәрмеңкесі өтіп жатыр. Бұл -жәрмеңке ғана емес, әртүрлі халықтардың мәдени дәстүрлерін өзара байланыстыратын ерекше көпір. Мерекелік шарада арнамыздың тілшілері де жүр. Аружан, халықтың көңіл күйі қалай? Тоңбадыңдар ма? Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Иә, Астанаға көктем кеш келеді. Оңтүстік жап-жасыл боп жатқанда, солтүстікте қар көбесі енді ери бастады. Бірақ ауа райының кез келген құбылысы Наурыз тойын атап өтуге кедергі келтірмейтіні анық. Оның үстіне мейрам десе ішкен асын жерге қоятын мен, мұндай іс-шаралардан қалып қоя алмадым. Жер-жерлерде Ұлыстың Ұлы күнін атап өту басталып кетті. Бүгінгі күн тым қызық болатын секілді. Дәл қазір ЕКСПО алаңында мерекелік концерт өтуде.. Ол ертең де жалғасады. Шараға танымал өнер жұлдыздары қатысуда. Мен қалай бақытты болып тұрсам, айналамдағылар да дәл сондай күйде жүрген секілді. Жүздерінде күлкі. Мерекелік атмосфераны бірден сезінуге болады. Ал менің қазір жанымда...... Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ Жиын концертпен ғана шектелген жоқ. Келушілерге ыстық бауырсақ ұсынылуда. Наурыз көжені де іштік. Осы тұрғанда қарнымыз да, көңілімізде тоқ. Ал кешке Наурыз мерекесіне арналған шаралар қыза түспек. Астанада бас-аяғы 200-ге жуық іс-шара өтеді деп жоспарланған. Оның жартысы басталып та кетті. Осылайша күллі қазақ елі жыл басы - Наурызды думандата атап өтуде. Дәмді ас ішіп, думандатып ән салам, спорттық ойындарға белсеніп қатысам дегендер болса, келіңіздер! Мен әзірге осында боламын. Өзім күтіп аламын. Бекболат, редакцияның көңіл-күйі қалай? Маған қызығып қарап отсыздар ма? Аружан, рақмет! Редакцияда әдеттегідей жұмыс қызу. Еліміздің түкпір-түкпірінен ақпарат ұсыну үшін қызметкерлер тынымсыз тер төгуде.