«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Ұлытау облысында ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Іс-шараға барлығы 245 ұжымнан қатысқан 2000-нан астам адам мен 68 арнайы техника жұмылдырылды. Барлығы 70 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Облыс бойынша барлығы 483 аула, 24 саябақ пен сквер, 61 тарихи-мәдени ескерткіш аумағы тазартылып, 138 әлеуметтік нысан аумағы қамтылды. Еңбек ұжымдары өндірістік мекемелердің аумағын тазалап, сырлау, әктеу жұмыстарын атқарды. Жасыл желектерге күтім жасалып, гүлзарлар ретке келтірілді.Айдана АЛДАНАЗАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ -КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бізге қаламызды, аудандарымызды, таза ұстауға әсіресе, жастарымызды қазіргі таңда волонтерлар, жастар, еріктілер қазір көптеп қатысуда. Көріп тұрғандарыңыздай, қаламызды қоқыстан тазарту мақсатында осындай шаралар жүргізілуде. Бүгінгі дүйсенбі күніне қарамастан барлық мемлекеттік қызметкерлер осы сенбілікке қатысуда.