Ұлытау облысында асырап алған балаларын бес жыл бойы шаруашылық фермада жұмыс күші ретінде пайдаланған өгей ана қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Бұл туралы Қазақстандағы бала құқықтары бойынша уәкіл Динара Закиева Іnstagram парақшасында мәлімдеді. “Кеше атқарылған жұмыс кезінде Ұлытау облысында балаларды құл қылған әйел ұсталып, тергеу изоляторына қамалды”, – деп жазды омбудсмен. Динара Закиева ақпанның басында облыстық прокуратура мен қамқоршы өкілдерден құралған мобильдік топ бір отбасының үш баласын – бір қыз бен екі ұлды тапқанын айтқан еді. Оларды өгей ана балалар үйінен 2018 жылы асырап алған. Ол кезде балалар 14, 12, 8 жасар болған. Үлкендеріне қаладан 20 шақырым жердегі фермада мал бақтырған. Омбудсменнің сөзінше, комиссия мүшелері фермаға келіп, балалардың қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын көріп шошыған. Олардың денесі көгеріп, тілінген, азып-тозып, шаршаған, аш, көз жанары солып, лас киім киген.