Ұлытау облысында әйел асырап алған үш баласын құлдықта ұстап келген

Ұлытау облысында асырап алған балаларын бес жыл бойы шаруашылық фермада жұмыс күші ретінде пайдаланған өгей ана қамауға алынды. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Бұл туралы Қазақстандағы бала құқықтары бойынша уәкіл Динара Закиева Іnstagram парақшасында мәлімдеді. “Кеше атқарылған жұмыс кезінде Ұлытау облысында балаларды құл қылған әйел ұсталып, тергеу изоляторына қамалды”, – деп жазды омбудсмен. Динара Закиева ақпанның басында облыстық прокуратура мен қамқоршы өкілдерден құралған мобильдік топ бір отбасының үш баласын – бір қыз бен екі ұлды тапқанын айтқан еді. Оларды өгей ана балалар үйінен 2018 жылы асырап алған. Ол кезде балалар 14, 12, 8 жасар болған. Үлкендеріне қаладан 20 шақырым жердегі фермада мал бақтырған. Омбудсменнің сөзінше, комиссия мүшелері фермаға келіп, балалардың қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын көріп шошыған. Олардың денесі көгеріп, тілінген, азып-тозып, шаршаған, аш, көз жанары солып, лас киім киген. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түркістанда полиция 200-ден астам жүк көлігіне көмектесті
Президент Бахрейн Короліне құттықтау жеделхатын жолдады: 16 желтоқсан 2024, 12:11 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Жас спортшылар патриоттық челленджге қатысты
Алматыны қалың қар басты
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Талғар қаласының жаңа әкімі сайланды
Қазақстан әлемдегі үздік ондыққа кірді
Желтоқсан – Тәуелсіздігіміздің ұлы рухы
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай гүл қою рәсімі өтті
Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды
Тәуелсіздік – әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды құндылық
Тәуелсіздік күні – әрбір қазақстандық үшін ерекше дата
Тәуелсіздік – бейбітшілік пен бірліктің бастауы!
Бүгін қазақтың бұлбұлының туған күні!
Нұрдәулет Ақыш, филология ғылымының докторы: Тұғырлы тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Әлімжан Хамраев, ҚХА мүшесі: Тәуелсіздіктің мән-маңызы жоғары
Бибігүл Төлегенова елімізге бейбіт өмір мен жарқын болашақ тіледі
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндет
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндетіміз!
Еліміздің 19 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Тәуелсіздік – ең асыл мұратымыз
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Тәуелсіздік – баға жетпес байлық
Мас жүргізушіні жасанды интеллект камералары анықтайды