Ұлытау облысында қырылған жылқылардың саны 500-ден асты

Ұлытау облысында қырылған жылқылардың саны 500-ден асты. Күн райының қолайсыздығы салдарынан өрістегі малына жете алмай жатқандарды ескерсек, шығын бұдан да көп болуы мүмкін. Ұлытау облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы да әзірге нақты көрсеткішті айта алмай отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.Себебі өлексесі табылған 500 бас жылқы тіркеуге алынбаған. Сәйкесінше иелері де табылмапты. Қазір өңірде тірі қалған өзге малды аман алып қалу үшін жұмыс жүргізіліп жатыр. Арнайы штаб құрылып, қажетті техника мен жанар-жағармай бөлініп үлгерді. Арзан жем-шөп сатып алуға облыс қазынасынан қосымша қаржы берілмек. – Аталған жағдайға байланысты аудандық әкімдік тарапынан тұрғындар сұраған техника, жол тазалау жұмыстары бойынша барлық қолдау жұмыстары көрсетіліп жатыр. Ал басқарма тарапынан қазіргі таңда жем-шөпке қосымша субсидия беру мәселесі қолға алынды. Бөлінген 200 млн теңгенің шамамен 80 пайызы жылқы малына жем-шөп сатып алуға жұмсалады. Облыста жылқы өсірумен айналысатын 230 дан астам шаруашылық бар. Олар жем-шөп субсидиясын бүгін-ертең қолдарына алады, – деді Ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Қайрат Мутаев.

Читать источник astanatv.kz/kz/
ІІМ 2024 жылы ел бойынша 40 sim-box құрылғысын тәркіледі
Халық жазушысы Мұхтар Мағауин дүниеден өтті
Павлодар облысы Майқайың кентінде жер дүмпуі тірелді
180 млн-нан 1,5 млрд теңгеге дейінгі шығындар: Қазақстанның ең тиімсіз мемлекеттік компаниялары
Қазақстанда биыл жинақтаушы зейнетақы өседі
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды
Жұмысшы мамандықтар жылынан не күтеміз?
Қыз баланың ер адамға тіктеп қарамағанының өзі – имандылық
Қазақстанда жылжымайтын мүлікті онлайн сату және сатып алу жобасы іске қосылады
Ауылдық медицина – қолжетімділік пен сапаны арттыру
Мопедті тіркеуге  қандай құжат керек?
Өзбекстан Қазақстан қалаларына жаңа автобус бағыттарын іске қосады
Тыныштық пен келісімнің мекені
Жжұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Жұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Алматыда қор-қордың түтініне еліткен 100-ден астам адамға айыппұл салынды
Еңбек пен шеберлік бағаланатын  уақыт
 Кәсібилік және еңбекқорлық біліктіліктің  жаңа сапасын қалыптастырады
Теміржол мамандарын даярлау: жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибе
Қазақстандық актер Нью-Йоркте марапатталды
Алматыдағы бос учаскеде жаңа демалыс  аймағы пайда болды
Саматтың сырлы суреттері
Жазушы Мұхтар Мағауин дүниеден өтті
1,2 миллион ауыл тұрғыны жылжымалы кешенде медициналық көмек алды