Ұлытау облысында цифрландыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Жезқазғандықтар құжаттарын бірнеше минутта рәсімдей алады. Қалада халыққа қызмет көрсететін жаңа цифрлық кеңсе ашылғалы осындай мүмкіндік туды. Мұнда тұрғындар 1300 ден астам мемлекеттік қызмет түрін ала алады.Өзіне өзі қызмет көрсету – халыққа ең танымал сектор. Анықтамаларды кеңесшінің көмегімен телефон арқылы әп- сәтте алуға болады. Бұдан басқа жылдамдық, жайлылық, нәтиже, жеңілдік терезесі секілді 10 сектор бар. Оларды бір сәтте жылдам, әрі сапалы қызмет көрсетіледі. Былтыр Жезқазғанда жалғыз ғана халыққа қызмет көрсету орталығы болған. Онда автокөлік иелері де құжат рәсімдеп келді. Салдарынан жұрт кезек күтіп сандалатын. Қазір 2 қабатты цифрлық кеңседе халыққа жайлы жағдай жасалған. Салтанат СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Бізде облыс ашылғалы бері осы жаңа кеңседе қабылдау терезелері қосылды. Он қабылдау терезелері бар. Халыққа тез, әрі жылдам қызмет көрсетеміз. Қазіргі таңда мемлекеттік реестоге сәйкес біздің бөлім 1345 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. «Кайдзен» стандарты қағидаларына сәйкес негізделген, бұл жерде жаңағы ең басты принциптарының бірі тұтынушыны қанағаттандыру. «Кайдзен» - жапон философиясы, аз-аздан, үздіксіз дамыту, «жақсарту» дегенді білдіреді. Цифрлық орталықта осы қағидаға сай әр терезе түрлі ашық түстермен оқшауланған. Мысалы, әлеуметтік сала- қызғылт, жылдамдық- сары, жайлылық көк, құжаттарды ал аймағы жасыл түске боялған. Кеңесші тұтынушыға қажет анықтама мен құжат түріне қарай тиісті секторға жібереді. Мұның барлығы келушілердің көңіл күйін түсірмеуді, әрі мамандардың имиджін көтеріп жалпы электрондық үкіметтің беделін түсірмеуді көздейді. Айнұр СӘКЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мен балаларымды балабақшаға кезекке тұрғызуға келдім. Келгенім қазір. Алдымда бір-екі адам бар. Алдында да келген болатынмын. Қазір бұрынғыға қарағанда қазір бәрі электронды, жұмыстардың барлығы тез жасалады. Көп уақытты кетірмейсің, бала емізетін арнайы бөлмелер бар екен ол жағы да тиімді қарастырылған. Қазіргі таңда цифрлық кеңседе 26 маман жұмыс істейді. Жуықта мүгедек азаматтар 2-ші қабатқа өз бетімен көтеріліп, түсе алатын жеделсаты орнатылмақшы. Оларға жеке терезе қызмет көрсетпек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
АҚШ Қытайдан келетін тауарларға салықтарды арттырды: елімізге қандай әсері бар?
Ұлытау облысында биыл 138 миллиард теңгеге 17 жобаны іске асыру жоспарланып отыр
«Әркімнің өз айыбы бар»: Раймның бұрынғы сүйіктісіне ұсыныс жасаған жігіт көпшілік алдына шықты
Алматы облысында көктемгі егіс жұмыстарына белсенді дайындық жүргізілуде
Ауызашар беру: сауапты амал ба, бизнес пе?
Ауызашар беру: сауапты амал ма, бизнес пе?
«Бір кітаптың ізімен»
«Ұлан» газетіне - 95 жыл
Көненің көзі, әуеннің өзі....
Есірткісіз қоғам: полицейлер жасөспірімдердің ата-аналарымен кездесті
«King Milk» зауыты жылына 70 тоннадан астам түйе сүтін өңдейді
Құқық қорғау органдарындағы алматылық ару: қатардағы сарбаздан полковникке дейін 
Еңбекминінде өндірістік жарақаттануды азайту және еңбек құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері талқыланды
Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады
Алматының арулары дәстүрлі ерлер кәсіптерінде табысқа жетуге қалай жол ашады?
Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда жаңа Су кодексінің жобасын қабылдады
Гүл саудасы қызып тұр
Бүгін «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталады
AUYL SPORT: Ауыл спортының дамуына арналған маңызды әріптестік
Қазақстанда 30 мың ШОБ жобасына 1,7 трлн теңгеге қолдау көрсетіледі
Елордалық спортшылар Парижде өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Қазыбек Нөгербек Францияда өткен турнирде қола жүлде иеленді
Жалғызтал ауылы тұрғындары спиртті ішімдіктерден бас тартты
Берлин Ратушасына ту тіккен Кенжебай Мәденов туралы не білеміз?