Ұлытау облысының бюджеті "E-Akimat 365" цифрлық платформасында толық қамтылған

Ұлытау облысының бюджеті "E-Akimat 365" цифрлық платформасында толық қамтылған. Ақпараттық жүйе жоспарланған бюджетті ғана емес, оның орындалуында бақылауға мүмкіндік береді. Яғни, әлеуметтік инфрақұрылымдарға жұмсалған барлық қаражат ашық көрсетіледі. Ашықтың мемлекетіміздің басты саясаты. Сондықтанда Ұлытау облысы алдағы жылдары "E-Akimat 365" ақпараттық жүйесіне толық көшуді жоспарлап отыр. Себебі платформа арқылы тұрғындар бюджет қаражатының қалай жұмсалып жатқанын бақылай алады. Бұл халықтың жергілікті билікке деген сенімін арттырады дейді,-жауаптылар. Платформаны отандық мамандар әзірлеп жатыр. Онда өңірдің 400-ге жуық мемлекеттік мекемелері мен ведомстволарының жұмысы тіркелетін болады. Ербол ТӨЛЕГЕНОВ, "E-AKIMAT 365" ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Бізде бюджеттік өтінімдер мен келісімдер көп. Адамдар оны қайта-қайта принтерден өткізіп, мөр басып, қолтаңба қойдыруға міндетті. Мәселен балабақша салуға байланысты өтінімді қабылдау процесі жылдап уақыт алады. Оған бюджет қаражаты бөлінеді, оның сметалық құжаты, жобасы тағысын тағы. Біздің жүйе арқылы барлығы жылдам орындалатын болады. Цифрлық платформа бюджетті дұрыс жоспарлауға көмектеседі. Ал Ұлытау облысының қалалары мен кенттерінің тұрғындары даму бағдарламаларын қадағалап, жаңа балабақшаларға, жолдарға, мектептерге, экологияны жақсартуға сұраныс жасай алады. Юлия МАЛЫШЕВА, ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Шынында да, үй салу жүріп жатыр, құбырларды жаппай ауыстыру жүріп жатыр. Мен көбірек көгалдандыруды, көбірек ауаны тазартуды қалаймын. Мадина ӘЛЕКЕЕВА, ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мынау Сәтпаев пен Жезқазғанның арасында автобуз беріп жатыр. Үйлер әне әдемі қылып жаңартып жатыр сырттарын. Көп нәрсе жақсарып жатыр. "Е-akimat 365" платформасын әзірлеушілер бағдарлама әлі де даму сатысында екенін және оны кезең-кезеңімен енгізу алдағы 2 жылда жоспарланып отырғанын атап өтті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Полициядан қашқан көлік жүргізушісі ұсталды
Бір күнде тергеуден қашып жүрген үш күдікті ұсталды
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
Абылайхан — Азия чемпионы! Финалда тістеп алған өзбек боксшысы жазаланды
«Санасыздар»: Ырысбала Икрамбай халықтың ақшасына алынған үйді сатпақ болған оқырманына ашуланды (ВИДЕО)
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай өтетін іс-шаралар белгілі болды
Абай облысында прокурорлар ақша далаға шашылғанын анықтады
Қазақстанда қатты пайдалы қазбалар бойынша қанша кен орны бар?
Мәжіліс төрағасы Ресей Федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрайымымен кездесті
Полициядан қашқан көлік жүргізушісі ұсталды
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пунктері жұмыс істемейді
Ақмола облысында вейп саудасы әшкере болды
«Түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды»: Мейіржан Төребаевтың жары күйеуінің қазіргі жағдайы туралы айтты
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Шымкентте әйелін буындырып өлтірген 50 жастағы ер адамға үкім шықты
«Иә» дедім»: әнші Ayree жақында тұрмысқа шығады (Видео)
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүріліп жатыр
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
Араға 10 жыл салып екінші рет қазақ баласы әлем чемпион атанып отыр – Нұрғиса Әділетұлы
Бір күнде тергеуден қашып жүрген үш күдікті ұсталды
Жерасты газгольдері өртеніп, 850-ден астам адам эвакуацияланды
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер