Ұлытау облысында тұрғындарға электронды үкімет порталының "Е-Өтініш" мобилді қосымшасы көп мүмкіндіктер ұсынып отыр. Жұрт өз мәселелерін қосымша арқылы кезексіз әрі жылдам шешуде. Әсіресе әлеуметтік және коммуналдық проблемаларды реттеуге бұл ыңғайлы дейді. Ақнұр Каринова қалаға бірнеше жыл бұрын ғана көшіп келген. Көп қабатты тұрғын үйге жайғасқан ол бастапқыда терезелерін қымтап, жауып жүруге мәжбүр болыпты. Өйткені оның үйіне жақын жердегі кәуапханадан шыққан иіс қиындық туғызған. Отбасында ерекше баланың күтімі болғандықтан, әкімдікке арыз жазған. Нәтижесінде мейрамханаға шектеу қойылған. Ақнұр КАРИНОВА, ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бұл бірнеше жылдан бері алу мүмкін болмаған осы дүнгіршекті. Жазған ешқандай нәтиже болмаған. Содан мен осы әкіміміз Шайжанов Қайрат Абдуллаұлына қабылдауына жазылған болатынмын. Ол кісі қабылдады. Тыңдады. Бірден жұмысқа кірісіп кетті. 3 күннің ішінде бұл дүнгіршек алынып тасталды жәнеде ол кафеге түнгі 12-ден кейін жұмыс істеумеу талап етілді. Облыстық және қалалық "Е-Өтініш", "Open akimat" цифрлық платформалары тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге тікелей бағытталған. Барлық арыз-шағымдар ашық қаралады. Өтініш берген азаматтар процесті өздері бақылай алады. Соңғы бірнеше айда ұлытаулықтардан 11 мыңнан астам шағым мен ұсыныс түскен. Оның дені шешімін тапты. Алтын ОРАЗБАЕВА: ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Біріншісі осы облыс бойынша жер және жерді пайдалану бойынша сұрақтар. Екіншісі ол тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бойынша сұрақтар. Үшіншісі ол экологиялық тараптағы сұрақтар. Төртіншісі медициналық сұрақтар және бесінші білім саласы бойынша сұрақтар. Осы сұрақтар бүгінгі күнде біздің облыс бойынша өте актуальный мәселелеро болып отыр. Ұлытау облысында "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы негізінде тұрғындар жергілікті әкімдіктердің қабылдауына кіріп, өз мәселелерін еркін жеткізіп отыр. Барлық өтініштер ерекше бақылауда және орындалу барысы қадағалауда дейді- мамандар. Оның ішінде ұзақ мерзімді қамтитын мәселелер де бар.