Ұлытауда асырап алған балаларды құл ретінде пайдаланған – Зәкиева

Қазақстанның балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева Ұлытау өңірінде 5 жыл бойы коммерциялық фермада қанауға ұшырап, "құлдықта" ұсталған, асырап алынған балалардың жан түршігерлік оқиғасы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.Ақпан айының басында облыстық прокуратураның және қорғаншылықтың мобильді топтарын тексергенде бір отбасынан үш бала – 1 қыз және 2 ұл анықталды. Оларды патронаттық отбасы 2018 жылы балалар үйінен алып кеткен. Олар 14, 12, 8 жаста еді. Ең үлкенін қаладан 20 шақырым жердегі өз шаруашылығында ұстап, мал бағуға мәжбүрлеген. Шаруашылыққа келген комиссия мүшелері балалардың тұрмыс жағдайынан шошып кетті. Олар көгерген, тыртықтары бар, арық, шаршаған, аш, көздері күңгірт, кір, шүберек киген. Осы жылдар бойы қамқоршы балаларды ұрып-соғып, азаптап, құлдыққа түсіріп қорлап келген. 5 жыл бойы балалардың жәрдемақысын өзі алып отырған. Үлкен қыз колледжді бітірді, бірақ іс жүзінде сабаққа қатыспаған. Екінші ұл колледжде "оқыды". Құзырлы органдар оқу орындарын тексерді. Олар үнемі ауру деген анықтамамен қамтамасыз етілгені белгілі болды, – деді Динара Зәкиева өз жазбасында. Айтуынша, қамқоршы қызды жұмысты орындамасаң, шағымданбасаң, ағаларыңмен енді кездеспейсің деп қорқытқан. Зәкиеваның айтуынша, ең сорақысы - жақында қамқоршы патронаттық тәрбиеге алуға болатын басқа балалар бар ма екен деп қызыға бастаған. Қылмыстық іс қозғалды, сараптамалар жүргізіліп жатыр. Қазір балалар бірге және қауіпсіз жерде. Балаларға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Оларды киіндіріліп, тамақтандырып жатыр, - деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл. Облыс әкімі балаларға қолайлы жағдай жасау, көмек көрсету, жатын орынмен қамту, білім алуды қамтамасыз ету шараларын жеке бақылауына алды. Жалпы қазір республика бойынша пилоттық режимде Ішкі істер министрлігі, прокуратура және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, өмірлік қиын жағдайға тап болған зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларды жедел анықтау мобильді топтары құрылды. Жақында бұл механизм балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заң жобасы аясында алдын алу құралы ретінде заңнамалық тұрғыдан мойындалады, - деді Зәкиева.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Ер адамдар бұлшықет өсіру үшін алатын екпелер денсаулыққа зиян емес пе?
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
«Ақылды болма»: Қарағандының әкімі желідегі пікірі үшін жазаланды
Бухарест қаласындағы олимпиададан Қазақстан құрамасы жеңіспен оралды
«Деректер журналистикасы бойынша оқу курсы» жарық көрді
Олжас Бектенов Мәскеуде өткен ЕҮАК отырысына қатысты
Ақтөбе облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді
Ғылыми-педагогикалық сарапшылар базасына үміткерлерді қабылдау басталды
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Ұландар шетел азаматына көмек көрсетті
Ақтөбе облысында 500 тұрғын үй салынды- қорытынды жаңалықтарда (13.12.2024)