Ұлытауда жылқылардың неден қырылғаны белгілі болды

1 наурыз күні ҚР АШМ Мал шаруашылығы департаменті директорының міндетін атқарушы Б. Аймұрзаев пен ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетіне қарасты Биологиялық қауіпсіздік басқармасының басшысы М. Мұхтаров жылқылардың жаппай қырылу себебін тексеру үшін Ұлытау облысына барған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ. Жаңаарқа ауданына барған делегацияның анықтағаны: ауа-райының қолайсыздығынан, 2023 жылдың желтоқсаны мен 2024 жылдың ақпан айында қардың қалың түсуінен және температураның төмендеуінен және жайылымдарға мұз қатуына байланысты жылқылардың тебіндеуі қиынға соққан. Оны тайлар мен кәрі жылқылар көтере алмаған. Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру базасының дерегі бойынша қазіргі уақытта ауданда 84,3 мың бас жылқы тіркелген. Жаңаарқа кенті мен Қаражал қаласы арасындағы автомобиль жолының бойынан өлексесі табылған 23 бас жылқының сәйкестендіру нөмірі болмай шықты. Өлекселер мал қорымына жеткізілді. Сонымен қатар Жаңаарқа ауданында сәйкестендіру нөмірі жоқ тағы 44 бас жылқы табылды. Осылайша, жайылымда өлген 67 бас жылқының иелерін де анықтау мүмкін болмады. Аудандық ветеринарлық станцияларға жылқылардың өліміне қатысты иелерінен әлі ресми түрде өтініш түспеген. Айта кетейік, Ұлытау облысында 2000 бас және Жаңаарқа ауданында қолда бар мал басының жартысы өлді деген ақпарат шындыққа жанаспайды, - делінген АШМ хабарламасында. Бүгінгі таңда ауылдық ветеринарлық дәрігерлердің, жергілікті атқарушы орган өкілдерінің, мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторлардың қатысуымен өлген жылқыларды жинау және олардың өлекселерін жою жұмыстары жүргізілуде. Бұл жағдай АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлытау облысындағы аудандық аумақтық инспекцияларының қадағалауында болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бабаларым сияқты, өлмес, өшпес, мәңгілік аруаққа айналам! – Мұхтар Мағауин (ВИДЕО)
Қазақстандықтар тұрғын үйді онлайн сатып ала алатын болады
Сұлтанбек Астанов «Ордабасымен» келісімшарт мерзімін ұзартты
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Ержан Максим Дубайда өткен конкурста жеңімпаз атанды
Энергиялық тиімділік саласындағы ынтымақтастық: Қазақстандағы Dena өкілдерімен кездесу өтті
Энергетикалық сусынды көп тұтынған қазақ жігітінің аяқ-қолы ісіп кеткен
Елімізде -27°C-қа дейін күн суытады
Лос-Анджелесте өрт қоюшы күдікті ұсталды
ПАТОЛОГИЯСЫ БАР БАЛАЛАРҒА БІЛІКТІ КӨМЕК
Доллар бағамы тағы көтерілді
Тарихи алтын: Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан жеңімпаз атанды
Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау – маңызы зор мамандық
Алматыда есептеу құралдары жоқ тұрғындарға суды тұтыну нормалары өзгерді
Енді елімізде дәрі QR-код арқылы беріледі
“Тазалық көрмеген”: Белгілі блогер халыққа қызмет көрсету орталықтарының әжетханасын сынға алды (ФОТО)
Норвегияда рекордты көлемде табиғи газ өндірілді
Ақтауда елді 90 миллион теңге шығынға батырған күдікті ұсталды
Петропавлда үш ер адам тұрғынды қарумен қорқытып, ақша бопсалаған
Антарктидада 2800 метрлік мұз қабаты бұрғыланды
Елдос Сметов әйелімен бірге Лондонға кетті
Президент Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Жұмысшы мамандықтар жылы: елордада қандай іс-шаралар өтеді
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады