Ұлытауда шахта қызметкерін соққыға жыққандар ұсталды

Желіде Ұлытаудағы шахталардың бірінің аумағында жұмысшыны ұрып-соғу сәтінің видеосы тарады, деп хабарлайды Астана телеарнасы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Видеодан белгісіз екі ер адам ғимараттың дәлізінде бір ер адамды ұрып-соғып жатқанын көруге болады. Видеоның сипаттамасында оқиғаның Ұлытау өңіріндегі шахталардың бірінде болғаны айтылған. «Ұрып жатқандар Жезқазған қаласының ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері. Қара киімді жігіт кадр бөлімінің қызметкері. Ол бұлардың жұмысқа келмей-ақ жалақы алуына келіспей тұр. Сондықтан соққы жеді», - делінген хабарламада. Полицейлер әлеуметтік желілерді бақылау кезінде осы видеоға тап болғанын айтады. «Бұл жанжал Ұлытау ауданындағы шахталардың бірінің аумағында болғаны анықталды. Бұл дерек «Бұзақылық» бабы бойынша тіркелді, екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - делінген ПД таратқан хабарламада.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағандыда куәгерді азаптаған екі полицейге сот үкімі шықты
Қысқы Дүниежүзілік Универсиада туралы не белгілі?
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Брокколи мен қырыққабат аллергияның алдын алады
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Euronews: Ақтау маңындағы ұшақ апатына зымыран себеп болды
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Атырауда арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының директоры сотталды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін