Танымал әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желіде жүкті екенін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz.Оның сөзінше, бұл қуанышты 3 жыл бойы күткен. "Пендешілікпен ұл болса деп қоямын, ал Әлішер "ұл бола ма, қыз бола ма сендей жаннан перзент сүйсем бақыттымын" дейді", - деп жазды өнер иесі. Айта кетейік, бұл - оның екінші некесі. Бұған дейін әнші танымал актер Сәбит Әбдіхалықовқа тұрмысқа шыққан еді. Олардың қыздары бар.