Күнді зерттейтін алғашқы үнді миссиясы басталды. Бенгал шығанағындағы ұлттық ғарыш айлағынан Лагранж L1 нүктесіне бағыт алған автоматты станса сәтті ұшырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.Үндістанның ғарыштық зерттеулер ұйымы автоматты күн стансасын Жер орбитасына сәтті шығарды. Ұшыру Бенгал шығанағындағы Шрихарикота аралында орналасқан ғарыш айлағынан жүзеге асты. Станса біраз уақыт Жерді айналып жүреді, содан кейін Лагранж L1 нүктесіне төрт айлық сапарға шығады. Бұл нүктеде Жер мен Күннің тартылыс күші тең саналады. Бұл - Күнді зерттейтін алғашқы үнді миссиясы. Оның міндеті - электромагниттік өрістер, бөлшектер мен магнит өрісі детекторларын пайдалана отырып хромосфера мен Күн тәжін зерттеу. Мұның алдында үндінің «Викрам» аппараты Ай бетіне сәтті қонған болатын.