Үндістан теміржолында тағы да ірі апат болды

Жексенбі күні Үндістанда жолаушы тасымалдайтын екі пойыз соқтығысып, салдарынан кем дегенде 13 адам қаза тапты, тағы 50-ге жуық адам жарақат алды. Каzinform бұл туралы BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.Апат елдің солтүстігіндегі Андхра-Прадеш штатында орын алған. Оқиға орнына жүздеген құтқарушы дереу жеткен. Тергеудің алдын ала мәліметі апатқа «адамның қателігі» себеп болғанын көрсетті. Премьер-министр Нарендра Моди оқиғаға байланысты көңіл айтып, теміржол министрімен байланыста екенін жеткізді. Вишакхапатнам мен Паласа арасында келе жатқан жолаушылар пойызы жергілікті уақытпен кешкі сағат 19:00 шамасында басқа пойызбен соқтығысып, үш вагон рельстен шығып кеткен. Теміржол қызметкерінің Reuters агенттігіне хабарлауынша, Вишакхапатнам мен Раягада бағытындағы екінші жолаушылар пойызы оны арт жағынан соққан кезде аспалы тростың үзілуінен темір жол бойында тоқтап қалды. Жолаушыларды құтқару және адамдардың денелерін шығару үшін оқиға орнына жүздеген жедел жәрдем, дәрігерлер, мейіргерлер мен құтқарушылар жіберілді. Үндістан күн сайын миллиондаған жолаушы тасымалдайтын әлемдегі көшбасшы елдердің бірі. Алайда, теміржол инфрақұрылымының көп бөлігі жөндеуді қажет етеді. Еске салайық, бірнеше ай бұрын ғана аталған елдің шығысындағы Одиша штатында үш пойыз соқтығысып, 292 адам қаза тапты, тағы мыңдаған адам жарақат алды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Даниял Ахметовтің қызметін иеленген Ольга Рыпакова жоспарымен бөлісті
Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүріліп жатыр
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді