Үндістанда лай көшкінінен 16 адам қаза тапты,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. Оқиға Мумбай қаласынан 60 шақырым жердегі таулы аймақта болған. Бірнеше үй жермен-жексен болды. 100 шақты тұрғын хабар-ошарсыз кеткен.Алайда апатты аймақта құтқару жұмыстары уақытша тоқтады. Себебі тағы да лай көшуі ықтимал.Оның үстіне үздіксіз нөсер жауып, айналаны қалың тұман басқан.