Бүгін түнгі сағат 1-дің шамасында Ахмадабадтағы Сархей-Гандинагар тасжолында болған екі көлік апатынан 9 адам мерт болып, 13 адам жарақат алды, деп хабарлайды Астана телеарнасы Deccan Herald басылымына сілтеме жасап. Полицияның хабарлауынша, бұл жолда көлік апаты жиі болып тұрады. Жол талғамайтын көлік жүкті өзі түсіретін көлікке соғылып, тасжолда кептеліс орнаған. Сол кезде зардап шеккендерге көмектесіп жатқан бір топ адамға «Ягуар» маркалы спорт көлігі үлкен жылдамдықпен келіп соғылды. Ахмадабад қалалық полициясының мәліметінше, 9 адам мерт болып, 13 адам жарақат алған. Оның көбі оқиға орнынан шамамен 20-25 фут қашықтыққа ұшып кетті. Гуджарат штатының билігі апаттан қаза тапқандардың отбасыларына 4 мың рупия, ал зардап шеккендерге 50 мың рупия көлемінде өтемақы төледі, деп хабарлады The Indian Express. Полицияның мәліметінше, зардап шеккендердің арасында спорттық көліктің жүргізушісі де бар.