Үндістандық құтқарушылар тоннель опырылып түскен кезде ішінде қалып қойған 40-тан астам жұмысшыны эвакуациялау үшін тастарды бұрғылады. Жұмысшылар Уттуракхандада құрылыс кезінде опырылып түскен туннельден 12 қарашадан бері шыға алмай жатыр. Оқиғадан көп ұзамай олармен байланыс орнатылып, оттегі, тамақ пен су жеткізілді. Жұмысшыларды бір-бірлеп шығарады. Бұл процесс бірнеше сағатқа созылуы мүмкін. Құтқарушылар кіріп, адамдарды шығара бастамас бұрын эвакуациялайтын құбырды итеріп, үйінділерді тазалау керек. Арқан мен саты ұстаған ондаған құтқарушы тоннельдің сыртында сапта тұр. Тоннельден шамамен 30 шақырым жердегі 41 жұмысшыны шығарғаннан кейін ауруханаға әкету үшін оқиға орнына жедел жәрдем көлігі де келіп жетті. Тоннель құны 1,5 млрд доллар тұратын «Чардхам» жобасының бір бөлігі. Бұл 890 шақырымға созылатын жолдар желісі арқылы төрт киелі орынды байланыстыруға бағытталған премьер-министр Нарендра Модидің ең керемет жобаларының бірі болатын. Билік өкілдері оқиғаға не себеп болғанын хабарламады, бірақ аймақ көшкін, зілзала мен тасқын қаупі басым жер екені айтылды.