«Ұңғыма қаздыру үшін кемінде 300 мың теңге керек», - ауыл тұрғыны

Қостанай облысындағы Қостанай ауданына қарасты Мәскеу ауылының тұрғындары ауыз судың азабын тартып отыр. Елдімекенде құдық атымен жоқ. Жұрт амалсыздан қомақты ақша төлеп, ұңғыма қаздырып жатыр. Оның суы да ішуге жарамсыз. Ауылға ауыз су қашан бұйырады? Заңғар Санай баяндайды.Гауһар Темірханқызы күн сайын жүз литр су тасиды. Жас келіншек ұңғыманың тұщы суын көршісінен сатып алатынын айтады. Гауһар КЕҢЕС, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Екі көршіден кейін алам суды. Бізде өзімізде су жоқ. Су әлі тартылған жоқ. Екі-үш жыл болды су тартылады дегеніне. Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ: Ауыз судан тарыққан ауыл тұрғындары амалсыз ақшасын төлеп, ауласынан ұңғыма қаздырған. Ал шамасы жетпегендер әлгі көршісінен су сатып алады. Айына 500 теңгеден 2 мың теңге аралығында ақша төлейтін көрінеді. Исламғали БЕЙСЕНОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Адамдар келіседі. Менде скважина бар. Анда скважина бар. Содан кейін флягтап тасып жүреді. Солардың ішінде ішуге жарамайтындары да бар. Технический дегенім ғой. Юрий РЕШЕТОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Бау-бақшаны суара алмаймыз. Ұңғыма қаздыру үшін кемінде 300 мың ақша керек. Өте қиын боп тұр. Мәскеу ауылдық округінің тұрғындары отыз жылдан бері ауыз судың азабын тартып отыр. Елдімекенге екі жыл бұрын су құбыры салына бастады. Бірақ мердігер жұмысты созып жіберген. Биыл тамыз айында жоба толық аяқталып, ауыл тұрғындары ауыз суға қарық болады деп сендірді окург әкімі. Нұрлан ҚҰЗАЙБЫН, МӘСКЕУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Тапсырыс беруші - құрылыс бөлімі.Солардың айтуынша, биыл тамыз айында жұмыс толық аяқталады. Ауыл ішінде 60 құдық және 1600 метр құбыр желісін өткізу қалды. Қостанай ауданындағы 17 елдімекенге су сырттан жеткізіледі. Жыл соңына дейін бес ауылға ауыз су тартылады деген жоспар бар. Ал облыс бойынша 52 жоба жүзеге асады. Бұл мақсатқа 21 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылып отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда Қазақстан-Германия глаукома орталығы ашылды
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Қуат Хамитов Нұрберген Шәріппен күресіп, әзер жеңді (ВИДЕО)
Алматыда Қазақстан-Германия глаукома орталығы ашылды
Қыста жақсы ұйықтау үшін мына 3 ережені сақтаңыз
Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды
99 жастағы Малайзияның бұрынғы премьер-министрі жас көрінуінің құпиясын ашты
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
Қарағандыда өрт шыққан ғимарат жарылып кете жаздады
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
Абай облысында екі ауылдың 28 отбасы қоныс тойын тойлады
Көктайғақтан Қарағанды-Астана бағытында 700-тен астам көлік жолда тұрып қалды
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Ішімдікке сылқия тойып алған жас жігіт көлік ұрлап, жол апатын жасады
Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Қатты желден жүк көлігінің тіркемесі аударылып кетті
Астанадан 1 миллион текше метрден астам қар шығарылды