Университет түлектері кейбір мемлекеттік қызметке іріктеусіз орналаса алады

Мемлекеттік грантпен оқу орындарын үздік аяқтаған түлектер аудан мен ауылдардағы төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындалады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мемлекеттік грантпен қазақстандық оқу орындарын үздік аяқтаған түлектер аудан мен ауылдардағы төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындалады. Олар аудан немесе облыстық маңызы бар қала әкімі және мәслихат аппараттарының төменгі лауазымына, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның басшысы емес лауазымына тағайындала алады. Сонымен қоса, олар аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшысынан басқа қызметтерге, орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің және облыстық маңызы бар қаладағы басшылық етпейтін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналаса алады», - деп тоқталды ол. Азамат Жолмановтың айтуынша, бұл білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыруға, жас мамандарды аудан мен ауылдық аймақтарға тартуға, өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға ықпал етпек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Асын ішіп, аяғына түкіру» дейді мұндайды»: Димаштың анасы танымал ресейлік блогерді орнына қойды (ВИДЕО)
Жел, көктайғақ, тұман: 24 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Бірнеше өңірде ауа ластанады
Алматыда жаңа жылдық шыршалар жәрмеңкесі ұйымдастырылды
Депутат автожолдардың сапасын бағалау критерийлерін қайта қарауды ұсынды
Жылу беру қалпына келтірілді: сағат 6:00-ден бастап нысандарды кезең-кезеңімен қосу басталды
Станислав Черчесов қызметінен кететін болды: жаңа басшы тағайындау мәселесі
10 жасар шабандоз Хамза Амангелді «Алтын тұғыр-2024» сыйлығына ие болды
Жеті қалада ауа сапасы нашарлайды
Тұман түсіп, жел күшейеді
Балаға ойыншық таңдау: Зертхана мамандары не дейді?
24 тоқтоқсандағы доллар, еуро және рубль бағамы жарияланды
АҚШ-тың бұрынғы президенті ауруханаға түсіп қалды
Азия чемпионаты: Ауыр атлет Ақжол Құрманбек Азия чемпионы атанды
Ресейде бірнеше әйел алуға қайтадан тыйым салынды
Кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды
Астанада ломбардтан құны 45 миллион теңге болатын алтын бұйымды ұрлаған бес адам ұсталды
Алматыда ерлі-зайыптыны атып кеткен үй тонаушы табылмай жатыр
ШҚО-да көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Адамдар ақпаратқа тұншыға бастады
Қарағанды облысында автобус өртенді
Есен Елеукеннің анасы дүниеден өтті
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы мерт болды