"Ұрпақ сүйгім келмейді. Бала өсіргенше, шетелде саяхаттаған дұрыс", - тұрғын

Шәуіт шылбырын кесіп, шалқып өмір сүруге болады. Осындай қадамға барып жатқан жігіттер бар қазір. Ал біреулер сол ұрыққа қол жеткізе алмай жүр. Жатырына салдырып, бала туып беруді бизнес қылатын аналар көбейген. Болашағына балта шауып жүрген бөріктілер мен жатырын жалға беретін қаракөздерді тілшілеріміз тауып, тілдесті. Сүндет ОРАЛБЕК, ТІЛШІ: - Аға мынаған қой деші, көке маған тәтті алып берші - Қойыңдаршш. Шуламаңдар. - Бір күн бала баға қойып едім. Миым ашып кетті ғой. Жауапкершілігі үлкен сияқты. Әрқайсысын асырып, жетілдіру де оңай емес. Балалы болмас үшін не істеуге болады екен? Асылбектің де ойы осындай болған. Ұрпақ сүймеудің жолын іздеген. Медицинаның мүмкіндігін барын білді. Өз еркімен қадам жасады. Асылбек, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мен өзімнің бала-шағам болғанын қаламаймын. Өйткені ол артық шығын деп ойлаймын. Балаға жұмсаған ақшаның орнына өзің неге өмір сүрмеске. Басқа елдерге шығып, ел көріп жер көріп, неге ойыңдағыдай көлік алмасқа, үй алмасқа, өзіңнің бизнесіңді ашып өмір сүрмеске. Мысалы, Құдай сақтасын енді бірақ мен өліп қалсам балаға кім қарайды. Болашағына бас қатырмайтындар дәрігер жағалап, кеңес алады екен. Көп ойланбастан шешім қабылдайтындары бар. Ақхалаттылар ақыл айтып, дегендерінен айнытуға тырысамыз дейді. Алған беттерінен қайтпайтындарға амалсыздар қызмет көрсетеді екен. Олжас ИМАНҒАЛИҰЛЫ, ДӘРІГЕР-УРОЛОГ: Өз өміріне балта шабу ғой былайша айтқан кезде. Өз ұрпағын өзі өлтіру ғой. Мұндай іске баратын адам емес надан деп айтсақ болады да. Ол өзінің адами құндылығын жоқ қып жатыр. Шәуіт шылбыры дейміз ғой, соны кескен соң ол жерден табиғи жолмен ұрықтың шығуы одан кейін болмайды. Одан кейін қанша ұрық жасағаннан кейін де ұрық шықпауы мүмкін. Жастар кез келген нәрсенің астарына үңілмейді. Тез әрекет етуге тырысады. Қателікке бой алдырғанын кеш түсінеді. Психолог Балабек Сақтағанов осылай деп отыр. Балабек САҚТАҒАНОВ, ПСИХОЛОГ: Біздің дүниетанымымыз, психикамыз өзгеріп тұратындықтан бұндай түбегейлі шешім қабылдаудың асығыс екенін айтуымыз керек оларға. Табиғи құбылысқа қарсы шығуды кім болмасын құптамайды. Бала сүю- бақыттың биік шыңы. Көпшіліктің пікірі де осыған саяды. БЛИЦ-ОПРОС: - Дін тұрғысынан да, адамгершілік тұрғысынан да өте қате деп ойлаймын өз басым. Қанша адам бар бала сүйе алмай жүрген. Бір жағынан қымбатшылықта шығар оған әсер ететін. - Балалы болу үлкен мәртебе. Біз балалы болуға тырысуымыз керек. Балалы үй базар деген. - Вдруг ертен ол біреудің баласына қарап желаниесі ашылатын шығар. Уақыт өте кеш екенін түсінеді ғой. Сүндет ОРАЛБЕК, ТІЛШІ: Шәуіт шылбырын кесіп, шалқып өмір сүруге болады. Бірақ ұрпағы жалғаспайтынын ұғынып жатқан жоқ. /лақтырып жібер/

Читать источник astanatv.kz/kz/
«50 мың доллардың үйінде тұрғысы келмейді»: Айдарбекова Жұлдыздың жақсы жағдайға әбден үйренгенін айтты (ВИДЕО)
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді