«AMANAT» партиясы ұлы тұлғаларды ұлықтады. Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Мәшһүл Жүсіп Көбейұлының 165 жылдығы және Мағжан Жұмабаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығы аясында қоғамдық дәріс өткізді. Онда тарихи тұлғалардың өмірі мен еңбектері туралы айтылды. Танымдық шара Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде өтті. «Бұл мәдениетіміз бен рухиниятымызды насихаттау бағытындағы жұмысымыздың бір көрінісі» дейді фракция жетекшісі.Аманжол ОҢҒАРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТАҒЫ «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Алаш ардақтыларының идеясы біздің бүгінгі таңдағы мемлекетіміздің идеясымен пара пар келіп отыр. Шындығында осыдан І ғасыр бұрын алаш ардақтылары қандай керемет дүниелер жасады. Біз сол алтын көмбемізді қайтадан ашып, жас ұрпаққа жеткізуге тырысып жатырмыз. Жадыра МҰҚАН, СТУДЕНТ: Тек қана интернетпен, кітаппен ғана шектелмей ақпараттарды осылай оқушылармен тікелей отырып, дәріс барысында тыңдап ой түйген дұрыс деп ойлаймын.