“Ұрып-соғып, қоймаға қамап қойды”: "Алтын Орда" базарында тағы дау шықты

Атышулы Алтын Орда базарында тағы дау шықты. 100-ден аса кәсіпкер заңсыз ақша жинап, саудагерлерге қоқан-лоқы көрсетіп, жұдырық астына алған базар бақылаушысына шағымданды. Айтуларынша ол әрбір кіріп-шыққан жеңіл не жүк көлігінен 30 мың теңге жинап, қалтасын қампитып жатқан көрінеді. Басынан дау арылмаған Алтын Ордада тағы шу шықты. Бұрынғы басшылықтан зәбір көріп, әрең құтылған сатушылардың қуанышы ұзаққа бармады. Саудагерлерді қорқынышта ұстап, ақша жинаған Ербосын есімді азамат ескі әдетіне қайта басқан. Ардақ АЙТУ, КӘСІПКЕР: Осы Алтын Ордада жұмыс істегеніме 15 жылдай болды. 2018 ден 2021-ге дейін әбден қорлық, зомбылық, монополия осындай жұмыстар қатты болған. Бұрынғы команда кетті деп қазіргі кісілер қуанғанын, жұмыс істегеніне, тыныш болғанына 1 жыл болды. Жақындағы Алтын орданың басшылары бұрынғы кісінің оң қолын Ербосын деген кісіні қайтадан жұмысқа алған. Не үшін алды? Ол кісі келгелі барлығына бұрыңғыдай зорлық зомбылық, бұрыңғы системасын бастап қойған. Әр машинасына ақшасын аламыз, ұрып-соғып, складқа кіріп алып қамап осындай істер болды. Қалың жұдырықты бақылаушы өз тәртібін қайта орнатып, саудагерлерді үркітіп ақша жинаған көрінеді. Көнбегендерді ұрып, қоймаларға қамап қоятын - дейді кәсіпкерлер. Алқар АЙДАРОВ, КӘСІПКЕР: 30 мыңнан болды, өзіміз де бердік. Мына осында тұрған халықтың бәрі беріп жүрді. Әр кіргеніне 30 мың, чисто налогтан бөлек, күнделікті төлейтіннен бөлек кірген машинаға 30 мыңнан. Осы мына қара халық барлығын істеп жатқан. 01:37 Базардың берекесін қашырып жіберді. Әр кірген газель болсын легковой болсын 500 тг отдельно жинайды. Такистерден отдельно жинайды. Үсен ӨМІР, КӘСІПКЕР: Алдыңғы күні Ербосын маған келіп, кішкене қорқытты. Үсен сен тыныш жүр, а то таяқ жеп қаласың деп айтты. Кетіп қалдым, үн деген жоқпын оған. Сүйтіп кеше жұмысқа келсем таңертең тұр екен. Келіп амандастым, сөйтсем мойнымнан қысып, қылқындырды. Қасында біреу болған, сол екеуі жабылып ұрып тастады мені. Ал базар әкімшілігі бұл сұмдықтың бәрінен бейхабармыз деді. Тек саударгерлер келіп, шағымданғанда ғана ішкі тексерісті бастаған. Ербосын есімді азамат сынақ мерзімінде жұмыс істеді дейді. Ізбасар ӨТЕУЛИН, “BIG CITY MARKET” ЖШС ЗАҢГЕРІ: Бұл оқиға туралы біз таныспыз. Кеше кәсіпкерлер бізге келіп шағымданды. Бұл жағдай бойынша служебное расследование жүргізілді. Бұл жерде екі тарап та кінәлі деп есептейміз, өйткені саудагер жағынан да кішігірім провокациялық істер болды. Служебное расследование жүргізіліп жатқан жағдайда бүгінгі күнде ол біздің қызметкер жұмыстан босатылды, жұмыс атқармайды. Қазір бұған қатысты Қарасай аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Базар бақылаушысы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Футзалдан Қазақстан құрамасы Албания қиындықсыз жеңді
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты
Көкшетауда өзгелердің жоғалтып алған картасымен сауда-саттық жасағандар ұсталды
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
«Тамаша» туралы тамаша тарту
«Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
Орталық Азия елдерінің ортақ диалогы
Астанада желілік мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты
Ауыр атлетика: Артем Антропов – әлем чемпионы
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты
World Boxing Астанада әлем чемпионатын өткізетін болды
5 пәкістандық шекарадан заңсыз өткені үшін сотталды
Күн аяздап, көктайғақ болады. Демалыс күндеріне ауа-райы болжам қандай?
Оққағарлар
Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
Ақтөбе облысы бойынша 2025 жылдың жоспары айтылды
Қазақстан спортшысы Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Көркемдік жетекші және оның жаңа жобасы