Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 127-орында тұрған, өткен жылы осы жарыстың ширек финалына дейін жеткен аустралиялық Айла Томляновичпен кездесуі керек еді. Аустралиялық спортшы матчқа келуден бас тартты да, Е.Рыбакина ойнамастан үшінші айналымға жолдама алды. Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 30-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстямен таласады. Ол екінші кездесуінде рейтингте 89-сатыдағы ресейлік Анна Калинскаяны қапы қалдырды – 6:3, 6:4.