Үш бірдей қазақ фильмі «Азия Оскарын» жеңіп алды

Австралияда Asia Pacific Screen Awards азиялық беделді киносыйлығы өз жеңімпаздарының есімдерін жариялады. Биыл үш қазақстандық фильм – Асхат Кучинчирековтың «Бауырына салу», Дархан Төлегеновтың «Ағайынды» және Айсұлтан Сейітовтың «Қаш» картиналары жүлдегерлер қатарына енді. Айта кететін жайт - үш фильм де режиссерлердің дебют жұмысы.Оның ішінде екі фильм, атап айтсақ, «Бауырына салу» мен «Ағайынды» Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілген. «Бауырына салу» «Үздік жастар фильмі» номинациясында жеңіске жетсе, «Ағайынды» картинасында басты рөлдерді сомдаған Айбар Салы мен Әлішер Исмаилов «Үздік жаңа қойылым» үшін жүлдеге ие болды. Ал «Қаш» туындысы «Үздік операторлық жұмыс» номинациясында марапатқа ие болды. Ал APSA-ның бас жүлдесін «Үздік фильм» номинациясында әйгілі неміс режиссері Вим Вендерстің «Прекрасные дни» атты жапондық картинасы жеңіп алды. Биыл «Санденс» және Берлин кинофестиваліне қатысқан, фестивальдердің хиты болған «Прошлые жизни» фильмі Селин Сонға ең үздік режиссер атағын әкелді. Кештің тағы бір фавориті Рюсуке Хамагутидің «Зла не существует» жапондық драмасы қазылар алқасының Гран-приіне қол жеткізді. «Бауырына салу» фильмі сәби кезінен әжесінің тәрбиесінде болған баланың оқиғасын баяндайды. Туындының тұсауы осы жылы Испанияның Сан-Себастьян қаласында өткен беделді кинофестивальде кесілді, онда ол «Жаңа режиссерлер» бағдарламасында көрсетілді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Тәуелсіздік күні қарсаңында түркістандық 500-ден аса отбасы үйлі болды
eGov Mobile қосымшасында Қазпошта қызметтері қосылды
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
«Ақылды болма»: Қарағандының әкімі желідегі пікірі үшін жазаланды
Бухарест қаласындағы олимпиададан Қазақстан құрамасы жеңіспен оралды
«Деректер журналистикасы бойынша оқу курсы» жарық көрді
Олжас Бектенов Мәскеуде өткен ЕҮАК отырысына қатысты
Ақтөбе облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді
Ғылыми-педагогикалық сарапшылар базасына үміткерлерді қабылдау басталды
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Ұландар шетел азаматына көмек көрсетті
Ақтөбе облысында 500 тұрғын үй салынды- қорытынды жаңалықтарда (13.12.2024)