Хоккейшілер Егор Петухов, Антон Сагадеев және Алексей Маклюков Қазақстан азаматтығынан бас тартып, Қазақстан құрамасында ойнамайтындарын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.барыс клубы Қазақстан азаматтығын алған үш спортшы да өз азаматтығынан бас тартпаған екен. Енді олар Қазақстан құрамасында ойнаудан бас тартты. "Бұған дейін Петуховтың "Барысты" тастайтыны хабарланған болатын. Маклюков соңғы екі маусымда Магнитогорскінің "Металлургінде" ойнап жүр. Ол бұған дейін төрт жыл бойы "Барыстың" намысын қорғаған еді. Сагадеев өз кезегінде мансабын Сочиде жалғастырмақ”,- делінген хабарламада. 12-28 мамыр аралығында Рига (Латвия) және Тампере (Финляндия) қалаларында Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты өтеді. Топтық кезеңде Канада, Чехия, Латвия, Словакия, Словения, Норвегия және Швейцария командалары кездеспек.