Үш жасөспірім оқушы қызды аяусыз соққыға жықты

Талдықорғандық құрбылар оқушы қызды аяусыз соққыға жықты. Олардың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Үш жасөспірім жәбірленушіге жабылып, шашын жұлып, басын жұдырықпен ұрған. Арулар не бөлісе алмай жүр? Бұрымдылардың бассыздығы туралы Аружан Задабек айтады. Көптің аузында жүрген бұл видео 9 қаңтарда түсірілген. Таспадағы оқушының бірі әуелі телефон арқылы әлдекіммен тілдеседі. Сөйлесіп болғаннан кейін, қасындағы үш қыз жабылып, оны соққының астына алады. Жасөспірімдердің не үшін жанжалдасқаны белгісіз. Сорақысы, оларды видеоға түсірген – ер бала. Бұл жайтқа қатысты Жетісу облыстық білім басқармасы және полиция департаментінің өкілдері пікір білдірді. ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ: Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, әрқайсысынан жауап алынды. Барлығы – облыс орталығы мен Қаратал ауданының түрлі оқу орындарында оқитын кәмелетке толмағандар. Жанжалдың себебі анықталып жатыр. Жәбірленуші қыз өз өкілімен бірге полицияға ресми өтініш беруден бас тартты. Бұл шу бұзақы қыздарды селт еткізе алмаған сыңайлы. Өйткені олар тәртіп сақшылары жауап алғаннан кейін видео арқылы жұртқа үндеу жолдады. Сырғалым «сіңілілерім» сыра ішіп, былапыт сөздер арқылы өздерін кінәлап жатқандарға жауап беріпті-мыс. Жаға жыртысып, шаш жұлысқан бұрымдылар туралы халық не дейді? БЛИЦ: - Сұмдық! Ол тәрбиесіздік деп ойлаймын, біріншіден. Екіншіден, қазіргі орта сондай шығар. Бәрі свободно кетті да... - Дұрыс тәрбие беру керек ата-аналары. - Колледждегі үлкен қыздар, мысалы перваштарға келіп күш көрсетеді. Ақшалай көрсетеді, мысалы өздерінің дәрежесі жоғары екенін солай дәлелдемекші болады. Жап-жас қыздардың төбелесіне не себеп? Психологтың пікірінше, бұндай жайттар қыздардың «өтпелі» кезеңінде жиі болады. Олар өз қатарластарының арасында мықты болып көрінгісі келеді. Ашу-ызаға жиі бой алдырады. Сондай-ақ, бала бойындағы «қатігездіктің» пайда болуына ата-ананың тікелей қатысы бар. Анаргүл ИБРАЙЫМБЕКОВА, ПСИХОЛОГ: Балаға ата-ана ашумен жауап қайтаратын болса, ұрысу арқылы, ұру арқылы, осы арқылы бала іштей қорқып қалады. Одан кейін күші жеткен адамдарға өз күшін көрсете бастайды. Яғни, өз-өзіне мен күштімін дегенді дәлелдегісі келеді. Одан кейін барлық адамдарды жау ретінде көре бастайды. Сондықтан да агрессия орын алып жататын жағдайлар көп боп жатады. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ Ертеңге дейін қыздарыңнан 5 мың теңге жинап бересің. Әйтпесе, жақсылық күтпе! Бар! Бұрын ер балалар осылай ақша талап ететін. Қазір бопсалауға бұрымдыларда білек сыбана кірісіпті. Салдары кикілжін мен төбелеске алып келеді. Бірақ өтпелі кезеңде жүрген арулар оны аңғара бермейді. Осындайда «Ұлтыңды сақтаймын десең, қызыңды тәрбиеле» деген сөз еске түседі. Қалай десек те нәзік жаратылыс иесіне төбелес жараспайтын қылық. А. Задабек

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Мені өлді деп ойлаған»: Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен жағдай туралы айтты
Елена Рыбакина Дубайдағы әлемдік турнирде жеңімпаз атанды
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды
“Жаныма қатты батты“. Баян Мақсатқызы Бишімбаев ісіне қатысты жаңа жобаның құпиясын ашты
Түркістан облысында ауыл жұрты қасқырдан қорқып, көшеге шыға алмай отыр
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысына іс-сапармен барды
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
«Мені өлді деп ойлаған»: Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен жағдай туралы айтты
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?