2024 жылдың 2 қаңтарында Ресейдің Тверь облысына қарасты шағын ауылда үш спортшының денесі табылды, деп жазады Bassport.kz.Облыстық кикбоксинг федерациясының басшысы Олег Корниловтың мәліметінше, қайтыс болған үш спортшы да күні бүгінге дейін кәсіби түрде кикбоксингпен айналысқан. Қайтыс болғандардың арасында кикбоксингтен Ресейдің бірнеше дүркін чемпионы Александр Малафеев, жаттықтырушы Артем Иванов және кикбоксшы Руслан Шахмарданов бар. Марқұмдар мерт болған жерден белгісіз таблеткалар табылып, сараптамаға жіберілді.