«Қазгидромет» РМК 21-23 желтоқсанға күн райы болжамын ұсынды.«Кезеңнің басында республиканың солтүстік және шығыс бөлігінде, сондай-ақ орталығында атмосфералық фронттардың өтуімен түнде қар, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), түнде солтүстік пен шығыста қатты қар күтіледі. 23 желтоқсанда Атлантикалық циклонының әсерінен Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республика бойынша көктайғақ, бұрқасын, екпіні 25 м/с-қа дейін жететін жел күтіледі. Сондай-ақ тұман болады. Дегенмен, ауа температурасында күрт өзгеріс күтілмейді», - делінген синоптиктер мәліметінде.