Екпінді жел мен қатты жаңбыр салдарынан еліміздің үш өңіріндегі 8 жол учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді.«ҚазАвтоЖол» АӨ баспасөз қызметінің хабарлауынша, күтіп-ұстау жұмыстарына 170 бірлік арнайы техника мен 240 маман жұмылдырылды. Атап айтанда: Ақмола облысында: Қостанай – Әулиекөл – Сұрған күре жолының Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін; Жақсы – Есіл – Бұзылық жолының Жақсы ауылы мен Бұзылық ауылы арасы; Жезқазған – Петропавлкүре жолының СҚО шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін; Екатеринбург – Алматы тасжолының СҚО шекарасынан Атбасар қаласына дейінгі аралығы. Солтүстік Қазақстан облысында: Жезқазған – Петропавл күре жолының Ақмола облысының шекарасынан Дружбинское ауылына дейін; Екатеринбург – Алматы күре жолының Чистополье ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралық. Қостанай облысында: Қостанай – Әулиекөл – Сұрған күре жолының Әулиекөл ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін; Жезқазған – Петропавл тасжолының Арқалық қаласы мен Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралығында жол жабылды.