Үш сәбиді 100 мың мен 2 миллион теңгенің арасында сатпақ болған

Құндақтағы сәби тауарға айналды. Былтыр жөргектегі баласын сатқан 19 ана ұсталды. Ал биыл үш әйел бүлдіршінін теңгеге айырбастамақ болыпты. Сондағы нәрестенің құны – бар болғаны 100 мың теңге. Қазір қара нарықтан бөбектерді ғана емес, үлкендерді де табасыз. Өйткені, адам саудасымен айналысатындар күрт көбейген. Енді оларға қандай жаза қолданылады? Бүгін Мәжіліс адам саудасы туралы Заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Толығырақ Аружан Задабек айтады. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:Біз айтпасақ, адам саудасы өрши береді. Егер біз айналаны көрмесек, құрбандар саны көбейеді. Ал, біз қиналғандарды естімесек, қалай құрдымға кеткенімді байқамаймыз. Бәріне бей-жай қарайтын кезең кетті. Біз үшін -әр адам маңызды. Сіз бен біздің ғұмырымызды қорғайтын заң бүгін Мәжілісте қаралды. Әлем дамып жатыр деп мақтанамыз. Жаңа технологияның сапасын айтып жарысып жүрміз. Бірақ адам саудасымен күреске келгенде ақсап қалатынымыз анық. Қазір әртүрлі сайттарда жыныстық қызмет көрсету, адам ағзасын сату туралы жарнама көп. Бірақ ұсталып жатқаны аз. Марат БАШИМОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:Отыз жылдан кейін жеке-жеке заңды қабылдап жатырмыз. Осы салада халықаралық шарттар болған. Ол БҰҰ болды, басқа да, бірақ соған қарамай қабылдаған жоқпыз. Біз бір жылдың ішінде жұмыс істеп, жеттік осы заңға. Біз қазір соған қуаныштымыз. Өте керек заң. Былтыр жеңгетайлықпен айналысқан 67 күдікті анықталды. Бұл – құзырлылардың құрығына түскендер. Ізін жасырып жүргені қанша?! Енді лас жолмен ақша тауып жүргендерге қысылтаяң кез келді. Сайран салып, сауық құрып жүргендерге жаза күшейеді. Притон ұстау ауыр қылмыс санатына жатқызылуы мүмкін. Хош, қылмыстың түбі жаза екені белгілі. Бірақ азаматтар неге осы жолға түседі? Марат ҚОЖАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:Көбінесе ондай жағдайға келетін адамдар, материалдық жағдайы болмайды, туыстық қатынасы азайған, әлеуметтік жағдайы қиын адамдар, мигранттар. Заңсыз бізге келден адамдар болып жатады. Тірі тауарға айналғандардың арасында қыз-келіншек көп. Адам саудасының құрбаны болғандардың 71% - әйел. Олардың көбі шет елдерде жыныстық қанауға ұшыраған. Осыған қатысты былтыр 17 қылмыстың беті ашылды. Күдіктілер елдегі нәзік жандарды Бахрейнге мәжбүрлеп апарған. Енді заң жобасы осы проблемалардың жолын кеседі, - дейді. Шахноза ХАСАНОВА, «САНА СЕЗІМ» ӘЙЕЛДЕР БАСТАМАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:Заңның ең басты мақсаты – адам саудасы құрбандарының құқықтарын қорғау. Екіншіден, заңнамада адам саудасында кім болып қалуы мүмкін, соған анықтама берілген. Үшіншіден, бұл заңнамада осы біздің құзырлылардың анықтамасы жазылған. Үкіметтік емес ұйымдардың да рөлі анықталған. Арамызда нәрестені тауарға айналдырғандар бар. Шақалақты сатуға қымсынбайды. Биыл үш бала қара нарықта саудаланды. Перзентін теңгеге айырбастағысы келгендердің дені – 16-17 жастағы қыздар. Олар бүлдіршіндерін 100 мың теңгеден бастап 2 миллионға дейін бағалаған. Құрбан болған нәрестелер ғана емес. Үлкендердің өзі қалай саудаға түскенін аңғармай қалады. Әсіресе, еңбек қанауына түскендер көп. Гүлнұр ЕДІГЕЕВА, «ДӘРІС» АҚПАРАТТЫҚ-КЕҢЕС БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Бізде Ақтөбеде көбінесе кездесетін еңбек қанауы. Және олар ер адамдар. Құрылысқа шақырылғанда бір жұмыс алады. Жасайды да, айлығын ала алмай жүреді. Елімізде жыл сайын адам саудасына қатысты 100 жуық қылмыстық іс тіркеледі. Олардың қатары көбеймесе, кемитін түрі жоқ. Оған жоғарыда айтқан мысалдар дәлел. Депутаттардың осы мәселені қайта-қайта қозғап, бір жыл бойы талқылауына себеп болған – осы. Әлібек ОРАЗАЛЫ, ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:Адам саудасына қарсы қылмыстар Қылмыстық Кодекстін 8 бабында қарастиырылған. Ең үлкен жаза – 18 жылға дейін бас бостандығынынан айыру жазасы көзделген. Адам саудасына қатысты заң жобасы Мәжілістің екінші оқылымында мақұлданды. Жұмыс барысында депутаттар 100-ге жуық түзету енгізген.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Ең ауыр сәттен өттік»: балалы болуды армандап жүрген блогер қуанышты жаңалығын жеткізді
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Ақтаудағы атом энергетикалық комбинатта жұмысшы қаза тапты
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Компьютерлік клубтан 121 миллион жымқырған астаналық сотталды
Зомбылық түбі – қорлық
Тұман, көктайғақ: 24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Ауылдан – Алматыға!
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы үйлі болды
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Коммуналдық секторды жаңғырту жобасы мақұлданды