Ұшқыш әуедегі кептеліс қалай болатынын көрсетті

Желіде Александр Небылица есімді ұшқыштың видеосы таралып жатыр. Онда аспандағы ұшақтардың кептелісі қандай болатыны көрсетілген. Ұшқыштың TikTok-тағы парақшасында жарияланған видеосы 1,2 миллионнан аса қаралым жинаған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.Видеода Александр Небылица өзі басқарған ұшақтың әуежайдағы күту аймағында қалықтап жүргенін түсірген. Кейін ұшақ біртіндеп төмендеп барып, әуеайлағына қонады. Ұшқыштың сөзінше, ұшақ неғұрлым төмен қалықтап келе жатса, соғұрлым қонуға жақын екенін білдіреді. "Бізге шамамен қанша уақыт күту керек екені хабарланады. Міне, осы ұшақтардан кейін қонуға рұқсат алдық", - дейді Александр өз ролигінде.Желі оқырмандары видеоға пікір қалдырып, басынан өткен оқиғаларымен бөлісті. Кейбіреулері мұндай кептелістерге қалай тап болғанын айтып берсе, басқалары, әзілдеп жатты. Арасында таңғалып жатқандар да болды. "Есімде, ұшып келеміз, бір уақытта әуежай жабылды деп хабар келді. Біз қаланың үстінде қалықтап жүрдік. Бір кезде менімен қоса басқа да жолаушылардың қан қысымы көтеріліп кетті. Барлығы пакет ұстап отыруға мәжбүр болды. Сосын басқа әуежайға қонып, сол жерде 30 минут аялдап, қалаға қайта ұшып келдік", "Осылай күтпеу үшін, басқа ұшаққа ауыса аласыз)", "Неге 2 күнге кешігіп келдіңіз? - Ұшақ кептелісінде тұрып қалып едім", "Аспанда кептеліс болады дегенді бұрын-соңды естімеппін", "Стюардесса болып жұмыс істедім, әсіресе Лондонда ұзақ уақыт өз кезегіңізді күтесіз. Егер борт кішкентай болса, ал сіздің алдыңызда үлкен лайнер қонатын болса, ұзағырақ күтесіз", - деп жазды желі қолданушылары. Аспандағы кептеліс - бір әуеайлағына қону немесе ұшу кезегін күткен ұшақтардың бір аймақта топтасуы. Кептелістер ауа райы, техникалық мәселелер, жолаушылар санының артуы тәрізді әртүрлі факторларға байланысты болуы мүмкін. Әуе қозғалысын бақылайтын Flightradar24 сайтының деректеріне сәйкес, әлемнің кейбір аймағында аспандағы кептелістер жиі болып тұрады екен. Мысалы, Лондон, Париж, Нью-Йорк және осы сияқты басқа ірі қалаларда әуежайдың қону жолағының босағанын күтіп, қалықтап жүрген ұшақтарды көруге болады. Соқтығысудың алдын алу үшін және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әуе қозғалысын реттейтін арнайы ережелер мен процедуралар бар. Олар әуедегі қозғалысты реттейді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүріліп жатыр
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай өтетін іс-шаралар белгілі болды
Жұмысқа кешігуге кептеліс кедергі болса...
Атырау ауруханасында 10 айлық сәби көз жұмды
Абылайхан — Азия чемпионы! Финалда тістеп алған өзбек боксшысы жазаланды
«Санасыздар»: Ырысбала Икрамбай халықтың ақшасына алынған үйді сатпақ болған оқырманына ашуланды (ВИДЕО)
Абылайхан — Азия чемпионы! Финалда тістеп алған өзбек боксшысы жазаланды
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай өтетін іс-шаралар белгілі болды
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасында өткізу пункттері жабылады
Абай облысында прокурорлар ақша далаға шашылғанын анықтады
Алматы Орталық стадионының басқарушысы қызметінен босатылды
Қазақстанда қатты пайдалы қазбалар бойынша қанша кен орны бар?
Мәжіліс төрағасы Ресей Федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрайымымен кездесті
Полициядан қашқан көлік жүргізушісі ұсталды
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пунктері жұмыс істемейді
Ақмола облысында вейп саудасы әшкере болды
«Түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды»: Мейіржан Төребаевтың жары күйеуінің қазіргі жағдайы туралы айтты
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Шымкентте әйелін буындырып өлтірген 50 жастағы ер адамға үкім шықты
«Иә» дедім»: әнші Ayree жақында тұрмысқа шығады (Видео)
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүріліп жатыр