Аруна Аманова тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кесірінен мүгедек болып қалды.Өткен жылы бұрынғы күйеуінен таяқ жеген. Іс сотқа жетпей тоқтаған. "Алған жарақатымнан І топ мүгедегі атандым. Істі тоқтатып, суицид деп тіркеді. Оңбай таяқ жедім. Қалай құлағанымды білмеймін. Жерге арқамен түскенмін. Омыртқам сынды. Өзім секіріп кетпейтінім анық қой. Мен әділдік орнау үшін көмек сұраймын", - дейді Аруна Аманова.