Синоптиктер бүгін, 16 қарашада бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Aikyn.kz.Үсік, жел, тұман: бірнеше өңірде ескерту жасалды Ақмола облысының батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.Қарағанды облысының орталығында, оңтүстігінде тұман. Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с-ке жетеді. Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Павлодар облысының шығысында тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Қызылорда облысының солтүстігінде тұман. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың шығысында күндіз күші 15-20 м/с-ке жетеді, түнде облыстың солтүстігінде 3 градус үсік болады. Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ке жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.