Ұстаздар күніне сыйлық алған мұғалімдерге қандай жаза қолданылады?

Биыл Қазақстанда алғаш рет мұғалімдер күні мерекесі нақты 5 қазанға бекітілді. Оқушылар мұғалімдер күніне орай ұстаздарына сыйлық жасай ала ма? Сыйлықтың АЕК көлемі қанша болуы керек? Заңды бұзғандарға қандай жаза қолданылады? Massaget.kz зерттеп көрді.2020 жылы қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды. Заң бойынша мемлекеттік қызметшілерге және олардың отбасы мүшелеріне сыйлық берушінің пайдасы үшін сыйлық, материалдық сыйақы және қызмет көрсетуге толық тыйым салынды."Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңның 12 бабы және "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңның 50 бабына сүйенсек, беру себебіне(мереке күндері, туған күн), сондай-ақ сыйлықтың түріне, санына, құнына және өзге де сипаттамаларына қарамастан(мысалы, тәтті, кәдесыйлар) кез келген сыйлықты беруге тыйым салынды. Бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бұрынғы вице-министрі Шолпан Каринова ОКҚ брифингі кезінде тілшінің сұрағына жауап беріп, сыйлықтарға ресми түрде тыйым салынғанын еске салған еді."Біз білім беру ұйымдарына мектеп пен мұғалімдерге сыйлық беруге тыйым салынғанын ресми түрде айтып, хабардар еттік. Кез келген сыйлыққа тыйым салынады", - деді Шолпан Каринова.Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті өкілдері мұғалімдерді сыйлық алудан бас тартуға шақырып, ұстаздар қауымы сыйлықты алған жағдайда жазаның қалай болатынын айтты."Мектеп директоры үшін заңсыз материалдық сыйақы мен пара алу үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - делінген хабарламада.ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 677 бабына сәйкес Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік шарасы — 600 АЕК айыппұл, қылмыстық үшін ҚР Қылмыстық кодекстің 366 бабы - параның 20 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салынып, мүлкі тәркіленеді және 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.Сондай-ақ, ҚР азаматтық кодексіне сәйкес мұғалімдерге құны 10 АЕК-тен асатын сыйлықтар беруге тыйым салынған. Заңбұзушылық тіркелген жағдайда, ҚР Қылмыстық кодекстің 247 бабы бойынша 2 мың АЕК-ке дейін айыппұл түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
«50 мың доллардың үйінде тұрғысы келмейді»: Айдарбекова Жұлдыздың жақсы жағдайға әбден үйренгенін айтты (ВИДЕО)
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді