"Ұсыныс жасамадым": Аманғали Сыпабеков әйелімен алғаш танысқан кезін есіне алды

Отандық танымал әзілкеш Аманғали Сыпабеков отбасылық өмірі жайлы сөз қозғап, келіншегімен танысқан кездегі қызықты оқиғасын бөлісті. Өнер иесі сүйіктісінің ата-анасымен танысқан кезде қатты уайымдағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Аманғали Сыпабековтің шаңырақ көтергеніне биыл 7 жыл болған. Өнер иесі бүгінде отбасылық өмірі қалай өтіп жатқанын "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтып берді. Әзілкеш сұхбат барысында келіншегімен және оның ата-анасымен танысқан кезін есіне алып, көпшілікті күлдірді. Ол сүйіктісінің қолын сұрауға барғанда басқа адамды әкесі деп ойлап қалған. "Жеті жыл деген кеше ғана сияқты. Ұрыспаймыз деп өтірік айтпай-ақ қояйын. Арасында ұрысып қалатынымыз бар. Бірақ соншалықты қатты ренжіспейміз. Құдайға шүкір, өзімді бақытты адаммын деп айта аламын. Келіншегіме басқа жігіттер сияқты тізерлеп ұсыныс жасамадым. 31 жаста үйлену деген қиын ғой. Бәрі жан-жақтан сұрап, тіпті кейбірі қыздарымен таныстырмақ болды. Басында үйленемін деген тірліктер болды. Бірақ болмай қалды. Кейіннен үш-төрт жылдан соң, Маралды кездестірдім. Әуежайдан түскенде әпкем "үйге соғып" кет деді. Барсам дастархан жайып қойыпты. Әпкем "қазір біреу келеді" деді. Сол кезде Марал келді. Кейін ата-анасымен танысуға барғанда өзіме өте сенімді болдым. Бірақ Маралдың әкесі полиция қызметкері екенін естігенде кішкене уайымдап қалғаным бар. Үйге барғанда қайын атам қабағын түйіп алған. Әзілдерім өтпейді. Қайынатама ұрындым деп ойладым. Қасындағы досы болса өте көңілді болды. Менімен біраз сөйлесіп, әңгіме айтты. Сосын далаға шыққанда жанағы досы деп жүрген кісі папасы екенін білдім. Қызық жағдай болды", - деді әзілкеш. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы облысында ірі жол апаты болды: 18 көлік соқтығысқан
Оңтүстік Корея президенті қамауға алынды
Президент Оңтүстік Корея екінші әрекетте тұтқындалды
2025 жылы елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған
Былтыр еліміз тұрғын үй құрылысы саласында рекордты көрсеткішке қол жеткізді
Алматылық 75 жетекші мен әдіскер мектепке дейінгі білім берудің халықаралық тәжірибесін меңгерді
15 қаңтарға арналған ауа райы болжамы: жел күшейіп, тұман түсіп, қар жауады
Президент Оңтүстік Корея екінші әрекетте тұтқындалды
БҚО-да улы зат тиеген жүк көлігі аударылып қалды
«Текті ұрпақ»: Ерекше баланы тамақтандырған даяшыға көпшілік риза болды (ВИДЕО)
Сыбайлас жемқорлардың аты-жөні енді жария тізілімде болады
«Ауданы – 250 шаршы метр»: Ләйлә Сұлтанқызы Жанболат пен Жазираның үйіне рум-тур жасады (ВИДЕО)
Ақпанда қазақстандықтар қалай демалады
Несібеңді адал жолмен тапқанға не жетсін?! – 22 жылдан бері көлік жөндейтін келіншек
Қытай TikTok-ты Илон Маскқа сатуы мүмкін
Партия мәжіліс депутаты Гаухар Танашеваның отставкасын түсіндірді
Жамбыл облысында 8-сынып оқушысын ұрып өлтірген үш жасөспірім сотталды
Енді пара ұсынғандар да, оны уәде еткендер де жазалануы мүмкін
Алматыда қандай көне ғимараттар бар?
Алматы облысындағы жаппай жол апаты: зардап шеккен адам бар
«Алтын қор»: тарихи фотосуреттегі кімдер екенін білесіз бе?
Биыл елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр
Асылбек Нұралин Мәжіліс депутаты болды
«Әкімге джип не керек?»: Айдос Сарым жемқорлықты заң емес, қоғам жеңеді дейді