Утиль алымына қарсы петиция 50 мың қол жинады, енді оны Үкімет қарайды

Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекстің 90-4-бабына сәйкес, 50 000 қол жинаған петиция Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қарауына беріледі.Осы кодекстің 90-5-бабы бойынша келіп түскен өтініш оны тіркеген сәттен бастап 40 жұмыс күніне дейінгі мерзім ішінде қаралады. Петицияны қарау барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі комиссияның жұмысын ұйымдастырады. Оған мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді. Петицияда көтерілетін мәселелер осы комиссия шеңберінде, заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады. Еске сала кетейік, бүгін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев осы утильалымға қарсы онлайн петиция жөнінде пікір білдірген еді. «Тиісті деңгейде дауыс жинаған петицияны Үкімет міндетті түрде қарастырып, шешім шығаруы керек. Сондықтан оған жеткілікті деңгейде қол қойылса, заңда белгіленген тәртіпте Үкімет халықтың талаптарын талқылайды. Осының аясында жұмыс тобы құрылып, оны қарастыруға Парламент депутаттарын шақырамыз», — деді Қ. Шарлапаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып. Бұл тұрғыда ол ұжымдық талқылау аясында петицияға қатысты Үкімет өз шешімін жариялайтынын айтты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты
Fly Arystan-дағы баға мен ұшақтың кешігуіне байланысты компания директоры кешірім сұрады
Ұлытау облысында креативті хаб ашылды
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Ешкім сатып алған жоқ – экс-әкімнен тәркіленген мейрамхананың тағдыры не болмақ?
Қарағанды облысында автобус өртеніп кетті
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы көз жұмды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Қарағандыда автобус өртенді
Қуаныш Сүлейменов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстандық ауыр атлет рекорд орнатып Азия чемпионы атанды
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды