Утильалымның бағасын төмендету керек. Бұл туралы Мәжілісмен Нартай Сәрсенғалиев өзінің депутаттық сауалында көтерді. Қазақстанға шетелден автокөлік әкелу үшін бірнеше төлем жасау қажет. Қосымша құн салығы, мемлекеттік баж, сәйкестендіру сертификаты, кедендік және утильалым төлеуі тиіс. Барлығының бағасын қоссаңыз көліктің қозғалтқышына қарай 2 миллион теңгедей қаржы кетеді екен. Сондықтан депутат үкімет басшысынан көліктің алғашқы тіркеу бағасын түсіруді, шыққанына 3 жылдан асқан көліктерге салынатын 1,8 миллион теңге төлеу міндетін 7 жылға дейін созуды сұрады.Нартай СӘРСЕНҒАЛИЕВ, Р ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Ең сорақысы, таусылмайтын төлемнен арылу үшін шетелден алған автокөліктерін алдымен Қырғызстанға әкеліп тіркейді. Ол жақтағы төлем бізден 2 есе аз екен. Сосын Қазақстанға кіргізеді. Осылайша біз өз қолымызбен өзге елдің бюджетіне қаржы құйып отырмыз.