Германиялық келіншек Рождество мерекесіне орай үй жинап жүргенде екі жыл бұрынғы лотерея билетін тауып алып, қомақты қаржыға кенелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Spiegel басылымына сілтеме жасап хабарлайды.Магдебург қаласының тұрғыны 2021 жылдың ақпан айында "Супер 6" лотереясын ойнайды. Сөйтіп билетін үстелдің тартпасына салып, ол туралы мүлдем ұмытып кеткен.“Сене алар емеспін. Ұмытылып кеткен қазынамды қайта тапқандай болдым”, – дейді неміс әйел. Ол енді демалысқа шығуды жоспарлап отыр. Лотерея өкілдерінің айтуынша, келіншектің қолындағы билет мінсіз күйде сақталған. Сондай-ақ Рождество қарсаңында ешкім лотерея ұтпағанын атап өтті. “Бұл ұзақ уақыт бойы ашық болған жалғыз алты сандық ұтыс сомасы болды”, – дейді Lotto-ның басқарушы директоры Стефан Эберт. Lotto-Toto Sachsen-Anhalt компаниясының мәліметі бойынша, әлі 2021 жылғы ұтыстағы 660 000 евроның жеңімпазы белгісіз. Ең үлкен өтелмеген сома 5000 евроға тең. Sachsen-Anhalt лотереясының ережелеріне сәйкес, жеңімпаз 2021 жылғы ұтысты 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін талап ете алады.