Үйі суға кеткен оралдықтар баспаналы болды

Үйі суға кеткен оралдықтар бүгін баспаналы болды. Жаңа пәтердің кілтін қолына алған үй иелері тасқын кезіндегі қиындықтың көрген түстей ұмыт болғанына қуанышты. Бүгін бір мезетте қоныс тойын тойлаған 52 отбасының қуанышына куә болған тілшіміздің материалы. Саяжайдан бейнеттеніп салған жалғыз баспанасы суға кеткелі бері эвакуациялық бекетті паналаған Айтқалиевтерге бүгін жаңа пәтердің кілті берілді. Көпбалалы отбасы енді жаңа мекенде жаңа өмірді бастамақ.Ризабек АЙТҚАЛИЕВ, ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:Үйіміз суға кетіп қалғанын ескеріп, көпбалалы деп осы үйді беріп жатыр екен. Мың да бір алғыс! Ульяна НҰРЫШЕВА, ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:Президент мырзаға көптен-көп рақмет! Қуанышымыз шексіз. Рақмет! Барлығына ризамыз! Баспаналы болу бақыты бүгін бұйырған Тілегеновтер де жаңа үйден пәтерлі болды. Қуаныштан көз жасын ірке алмаған отбасы енді қоныс тойына қамданбақ. Жарас ТІЛЕГЕНОВ, ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:Бүгін енді осы әкімият тарапынан осы үйді ұсынды: қараңыздар, ұнаса аласыздар деп. Таңертең звондады, келіп қараңыздар деп өздері ұсынды. Сосын қарап алдық. Үй жақсы, өте керемет, ұнады, ұнағасын алып жатырмыз. Су тасқынынан ең көп зардап шеккен аймақ - Орал өңірі. Үйсіз қалғандарға ірі компаниялар көмектесіп жатыр. Жандос ДҮЙСЕНҒАЛИЕВ, ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:Жаңа үйлерден 52 пәтерді тапсырып жатырмыз. Мемлекет басшысының тапсырмасына байланысты су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға, жерлестерімізге қолдай көрсетілетін болады. Қала маңындағы саяжайлардағы суға кеткен үйлерді тексеруге өзге өңірлердің мамандары тартылыпты. Әкімдік дерегінше, баспанасыз қалған үш мыңға тарта отбасы көп ұзамай баспаналы болмақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Катонқарағай мен Зайсан әуежайлары қашан беріледі
Ресейден Қазақстанға өзбекстандық экстрадицияланды
Қостанайда сырғанақ тепкен 5 бала ауруханаға жеткізілді
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
Teez: Жаңа қазақстандық маркетплейс туралы не білеміз?
S.O.S: Астанада қазіргі күннің үлкен проблемасы туралы драма сахналанды
Ақтауда мектепке бомба қойылғаны туралы хабар тарады
Қостанай облысында ірімшіктің 20 жаңа түрі шығарылады
Ардақ Назаров «арақ ішпеуге» ұсыныс жасаған Түркістанда жаңа жылға бюджеттен қаржы бөлінбеді