"Ұяламын ғой": Шімән апа лақап есімімен танылған әзілкеш образы үшін алғашында барахолкадан киім алған

Көпшілікке Шімән апа лақап есімімен танылған Ерболат Төлеген өзінің сахналық образы жайлы айтып берді. Әзілкеш "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында алғашында образы үшін базардан киім алса, бүгінгі күні ол жерге баруға ұялатынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Маған үй салып берген көйлектер ғой. Шімән апаны ешкім танымайтын кезде барахолкаға, базарға өзім барып алатынмын. Ол кезде толық болдым, бойым бар. Базарда киім киіп көрсем, бәрі қысқа болып қалады. "Ұзыны бар ма көйлектің" деймін. Мен ұзын көйлек киіп ойнағанды жақсы көремін. Себебі, ары-бері қозғалғанда, саның, әуретің көрініп қалуы мүмкін. Сатушы "Сен кімге алып жатсың өзі? Ондай үлкен кемпірлер болмайды" дейді. Мен "Әжем өзім сияқты ірі" деймін. Өзіме деп айтпаймын, ұяламын ғой. Кейін әлеуметтік желіге шығып, танылғаннан кейін базарға барып киім алуға ұяламын. Телефон деген жақсы болды ғой. Бәрі камераға түсіріп, пабликтерге салып жібереді. Қазір керек болса, анам мен келіншегім базардан әкеледі ", - деді Ерболат Төлеген. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ерболат Төлеген Шімән апа болып танылғанға дейін Ақтөбеде кондуктор болғанын баяндап берген. Сонымен қатар әзілкеш екі айда қалай 20 келі салмақ тастағанын айтты. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ертең үшін еңбек еткен...
Әлемде: Армения мен Әзербайжан бейбіт келісімге келді, АҚШ Гренландияны тартып алмақ
"Ресей ұсынысты қолдайды" деген Путин мәлімдемесі соғыс тоқтайды деген сөз бе?
Туберкулездің алдын алу: денсаулыққа маңызды қадам
Қазақстан көлік және энергетика инфрақұрылымына 200 млн еуро инвестиция тартады
Қазақстан халқы екінші жыл қатарынан мигранттардың есебінен өсіп отыр
Алматыда төрт радикал ұсталды
Наурыз мерекесінде елімізде оқушылар бір мезгілде күй тартады
Ковид кезінде жерлеу қызметтерінің бағасы 1 миллион теңгеге дейін өскен – Сенатор жерлеу орындарын мемлекетке қайтаруды талап етті
Алматыда дәрігерлер ерекше жағдайдағы жүкті әйелді аман-есен босандырып алды
Қазақстанға жарты жылға дейін жұмыртқа кіргізуге тыйым салынды
Көрісу күніне орай «Көктөбе» аспалы жолы уақытша тегін болады
Алматыда «Алматы-біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында көктемгі дератизация өтуде
Қазақстанда дарынды оқушыларды қолдауға арналған SMART Daryn цифрлық платформасы құрылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын амал күнімен құттықтады
Наурыз көженің әртүрлі дайындалу тәсілдері
Өнердің дидарына дақ түсірмеген дарын...
Айдан аман, жылдан есен болайық!
Бояу алып, қоршауыңды боя!
"Ресей ұсынысты қолдайды" деген Путин мәлімдемесі соғыс тоқтайды деген сөз бе?
Қарағандының белгілі ұстазы рамазан айында дүниеден өтті
Алматы «жеке уақыт белдеуіне» көше ме?
Дастарханды тез әрі әдемі жайюдың 3 құпиясы
Алаяқтарға алданғандар азаймай тұр